Жаңалықтар

Денис Тен - Сочи олимпиадасының қола медаль жүлдегері

ашық дереккөзі

Денис Тен - Сочи олимпиадасының қола медаль жүлдегері

Сочи олимпиадасының алауы жағылғанда үкілеген спортышларымыздың санын көріп марқайсақ та, оншақты күн ішінде бірде бір медаль ала алмауымыз жүрегімізді ауыртқан еді.Ай осы медальсіз қайтамыз-ау деген күдігімізді конькиймен мәнерлеп сырғанау спортының шебері, әлемнің вице-чемпионы Денис Тен сейілтті. Алғашқы күнгі қысқа бағдарламада Денистің құлап қалуы жүрегімізге күмән тудырғаны анық. Алғашқы күннің қорытындысымен ол 9-орынға тұрақтаған болатын. Екінші күнгі сайыста Денис Тен екінші топтың алғашқысы болып, өнер көрсетті. Сочидегі олимпиаданы “Хабар” арнасынан тікелей эфирде тамашалаған біздің спорт комментаторының айтуынан түйгеніміз Денистің алғашқы болып өнер көрсетуінің өзі жеңісіне жетелеген кілт болған еді. Алтын және күміс медальдерді тағынған жапондық пен канадалық алғашқы күні керемет өнер көрсеткенімен, екінші күні оңбай қателесті, бірнеше рет құлағанымен техникалық тұрғыдан жоғары бағаға ие болды. Егер Денис Тен алғашқы күні жоғары бағаға ие болғанда, алтын мен күмістің де бірін  қанжығалар ма едік.  Дегенмен, бұған да шүкір. Бұл Қазақстанның осы спорт түрінен қол жеткізген ең ірі жүлдесі.