БЕЙТАРАП ДЕПАРТАМЕНТ КЕРЕК ПЕ?

БЕЙТАРАП ДЕПАРТАМЕНТ КЕРЕК ПЕ?

БЕЙТАРАП  ДЕПАРТАМЕНТ КЕРЕК ПЕ?
ашық дереккөзі

Сырдария өзені тасып, жағалауға жақын маңдағы жайылымдық жерлерді су басты. Арнасынан асқан дария суы жергілікті шаруаларды әбігерге салды. 

Биыл ақпанның аязы оңтүстік өзендеріне де қалың мұз қатырыпты. Біртіндеп еріген мұз сеңге айналып, тасқын айналаны шайған көрінеді. Жайылымдағы мал суға кетіп, біразын дарияның қатты ағысы алып кетті. Ал жылқылардың өлігі мұз астында қалған. Шаруалар малын өз бетінше құтқармақшы болыпты. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ескерту бөлімінің басшысы Ерғали Бақаев: «Біз тұрғындарға қауіп төнген кезде ғана құтқару операциясына шығамыз. Ал мал-мүлкіне халық өзі жауап беруі тиіс», – деді.

Алдын-ала болжам бойынша, үш үйір жылқы мен он шақты түйе мұз құрсауында қалған. Төтенше жағдай Көксарай контррегуляторы аумағындағы шлюздерге мұз қату салдарынан орын алса керек. Айта кетер жайт, қазіргі уақытта Шардара су қоймасынан Сырдария өзеніне секундына 900 текше метр су жіберілуде. Ауылға құтқарушылар мен өрт сөндірушілер келуде. Жағдайды жергілікті билік бақылауында ұстап отыр. Үш мыңнан аса ауыл тұрғындары құм толтырылған 12 мың қаппен бөгетті бекемдеп әбігер. Арнайы комиссия тікұшақпен өзен арнасын бақылап, қай жерде мұз жару жұмыстарын жүргізу керектігін анықтады.

Қожатоғай ауылы мен Қызылорда облысы аралығындағы арна әлі де мұз құрсауында. Айтқандай осыдан бірнеше жыл бұрын дәл осындай оқиға Шығыс Қазақстанда орын алып, жергілікті халық көктемді суға кеткен баспана, су астында қалған мал-мүлікпен қайғылы қарсы алғаны есте. Осындай оқиғаларды болдырмас үшін Төтенше жағдай департаменті қызметкерлерінің адам өмірі ғана емес, жалпы аймақ тіршілігіне де жауапкершілікпен қарағаны жөн болар еді. 

Ақниет Бейімбетқызы