Янукович кезектен тыс сайлау өткізетінін мәлімдеді

Янукович кезектен тыс сайлау өткізетінін мәлімдеді

Янукович кезектен тыс сайлау өткізетінін мәлімдеді
ашық дереккөзі

Бүгінгі ақпарат бойынша Киевтегі қантөгісте 77 адам
қайтыс болса, 500-ден астамы жедел-жәрдемнің көмегіне жүгінген. Кейбір дерек
көздері алаңға Ресейдің арнайы жасақтарының жеткізілгендігін хабарлады. Олар
қарсы алдына келген адамды аяусыз сабап, оқты қарша боратуда. Ал бүгін Жоғарғы
рада Киевтен әскери жасақтарды әкету жөнінде қаулы шығарды. 

Қалай дегенмен де, Януковичтің халықпен келісуден
басқа амалы қалмады. Оның үстіне әлемдік қауымдастық өкілдері мен саясаткерлері
билік пен оппозицияның ымыраға келуіне үндеу жасауда. Бұдан бұрын
айтқанымыздай, президент Януковичпен кездескен Германия, Франция және Польша
Сыртқы істер министрлері жақын арада Украинада жаңа үкімет қалыптасып,
конституциялық реформаның басталатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, Янукович мерзімнен бұрын президенттік және парламенттік сайлау өткізуге қарсы еместігі де
осы отырыста анық болды. Польша премьері Дональд Туск: «Украина президенті
Виктор Янукович мерзімінен тыс сайлауды биыл өткізуге келісімін берді. Оның
мерзімі кейін белгілі болады», – деді майдандағы халықтың екпінін басып.

 Тағы бір
маңызды ақпарат, бүгін Киевтің «Жуляна» әуежайынан VIP-жолаушылар ұшқан
64 рейс тіркеліпті. Кейбір интернет-сайттарға
сенсек, Жоғарғы рада депутаттары елден қашып жатқан көрінеді. Олардың кім
екендігі туралы әуежай қызметкерлері жақ ашпаса да, бұл тізімде депутат
Олег Ляшко өзінің «Фэйсбуктегі» парақшасында «Аймақтар партиясынан» Елена
Бондаренко, Татьяна Бахтеева, Николай Левченко, сондай-ақ Жоғарғы рада
спикерінің орынбасары Игорь Калетниктің бар екендігін жазыпты.

Ал бүгін Януковичтің екі ұлының
елден қашып кеткендігі туралы ақпарат та жұртты дүрліктірген еді. Алайда, мұның
жақсақ екендігі ресми түрле хабарланды. Украина президенті әкімшілігі баспасөз
қызметінің басшысы Андрей Лысенко: «БАҚ-та Януковичтің балалары Отанын тастап
кетті» деген ақпарат жарияланды. Бірақ бұл жалған» деді. Айта кетейік,Украина президенті Януковичтің
екі ұлы бар. Үлкені – Александр (1973 жылы туған) кәсіпкер, кішісі – Виктор
(1981 жылы туған) Украинаның халықтық депутаты.

Динара Дүрмән