"Ботақаным" атты қайырымдылық кеші өтті

"Ботақаным" атты қайырымдылық кеші өтті

"Ботақаным" атты қайырымдылық кеші өтті
ашық дереккөзі

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Ботақаным»
атты қайырымдылық концерт өтті. Анар Жүнісованың жетекшілігімен
режиссура мамандығының 3 курс студенттері ұйымдастырған көңілді кештің мақсаты 
жетім балаларға жәрдем беру. Қайырымдылық кешке қатысқан өнерпаздар «Бастау» тобы, Әсем
Жәкетаева, «Алашұлы» топтары әсем әндерімен көрерменді тәнті етті.
Бүлдіршіндерден құрылған «Жас өркен» би тобы мың бұралған сүйкімді
қимылдарымен көпшіліктің көңілінен шықты. Әсем әннен басқа, буынсыз
жігіт Айдостың орындауында дене қимылдарымен жасалатын ғажайып өнер  көрсетілді. Сонымен қатар, №1 қалалық балалар үйінен түсірілген
бейнеролик қойылды. Онда бөбектер үйінің ашылу тарихы, ондағы ата-ана
мейіріміне зәру бүлдіршіндердің ахуалы жайында баяндалды. Ал оқу орда
студенттерінен тұратын музыкалық топтың орындауындағы «Кариб теңізінің
қарақшылары» фильмінен алынған музыка кеш қонақтарына тарту етілді.
Шара соңында эстрада-вокал мамандығының І курс жігіттерінің
орындауындағы әсем ән тыңдаушысын тамсандырды. Сахнаға шыққан өнер
майталмандары тек қана талантымен таң қалдырып қана қоймай,
көрермендерге өз қолдарынан шағын сыйлықтар үлестірді.
Концерттен түскен қаржы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер
академиясы студенттерінің атынан көмек ретінде №1 қалалық балалар үйіне
жөнелтілді.

ЕРСҰЛТАН МАХАМБЕТӘЛИЕВ