Оймақтай ой! Украинадағы оқиға – бұл интеграциялық бірлестікті дамыту процесінде тайм-аут алуға сылтау

Оймақтай ой! Украинадағы оқиға – бұл интеграциялық бірлестікті дамыту процесінде тайм-аут алуға сылтау

Оймақтай ой! Украинадағы оқиға – бұл интеграциялық бірлестікті дамыту процесінде  тайм-аут алуға сылтау
ашық дереккөзі

 ЕРЛАН КАРИН :

“Украина төңірегінде қалыптасқан бүгінгі жағдай Қазақстан үшін де өз
кезегіндегі бір сынақ, сын сәт деп те айтуға болады. Өйткені бұл
оқиғалар посткеңестік кеңістікте қалыптасқан мемлекетаралық
қарым-қатынастардың негізгі принциптеріне ықпал жасауда. Айталық,
аймақтық қауіпсіздіктің бірден-бір құқықтық
негіздері болып есептелетін 1994 жылдың 5-ші желтоқсанында Будапеште
қабылданған меморандумда, АҚШ, Ресей және Ұлыбритания Украина, Белорусия
және Қазақстанның шекараларының беріктігіне, аумақтық тұтасығы мен
қауіпсіздігіне кепілдік еткен болатын. Енді боса, арада бар болғаны 20
жыл ғана өте, Ресей Украинаға қарулы күштерін кіргізуге шешім қабылдап
отыр, сөйтіп, бұл шешім, потскеңестік кеңістіктігіндегі қауіпсіздіктің
барлық құқықтық негіздеріне бір сәтте балта шапқандай болды. Әрине,
ахуалдың ушықпауына ресми Астананың қандай да бір ықпал жасап, жан-жақты
келіссөздерге бастама көтеріп, олар оң нәтижесін берсе, сөз жоқ, бұл
идеалды болар еді… Алайда, қалыптасқан жағдай американдықтар жиі
айтатындай қызыл линиядан өтіп кеткен сияқты. Қазіргі жағдай
посткеңестік кеңістігінің дағдарысқа ұшырап қоймай, оның әбден
күйрегенінің белгісі, өтйкені онсыз да формалды деп есептлеген, барлық
келісімдер мен құрылған институттардың ыдырауы орын алуда. Сондықтан
Қазақстанға сыртқы саясат мәселесінде енді, мейлінше тең салмақты әрі
прагматикалық көзқарастағы қадамдарға көшу қажет және де екіжақты
қарым-қатынастарды дамыта отырып, өз мүддемізді принципті түрде қорғауға
умтылу қажет болады. Украинадағы оқиға – бұл интеграциялық бірлестікті
құруды дамыту процесінде кем дегенде тайм-аут алуға сылтау да себеп те
деп түсінген жөн”