КІШКЕНТАЙЛАРДЫҢ КӨҢІЛДІ ӘНІ

КІШКЕНТАЙЛАРДЫҢ КӨҢІЛДІ ӘНІ

КІШКЕНТАЙЛАРДЫҢ КӨҢІЛДІ ӘНІ
ашық дереккөзі

Қыстың аяғы да келіп жетті.  Күн ұзарып, жылы шуағымен  жарқырай түседі. Бұл   кездері халық сауық-сайраны  – Масленица мейрамы  өткізіледі.  

Осы бір мереке қарсаңында «Демеу-Шиелі»  филиалының «Айналайын» балабақшасының тәрбиешілері мен балғындары көктемнің  таяп қалғанын есімізге салды.   Жәрмеңке, көше ойындары,  маскарад киімін кигендердің  өнер көрсетулері,  ал ең бастысы  құймақ – адамдарға жылулық пен күнді  сыйлау белгісі. 

Мерекелік көрініс  көңілді балалар әнінен бас­талды, онда балалар  қонақтарды  қызықты ойын-сауыққа қатысуға шақырды. Әрине, ең бас­ты кейіпкерлер – қаһарлы Қыс пен  әсем Көктемсіз  болмайды.  Өйткені бұл мерекенің келуі  қысты шығарып салу мен көктемді қарсы алуды білдіреді емес пе?! Бұл мерекеде  жыл мезгілдерінің арасында «Арқан тарту» жарысы  ұйымдастырылды, оған балалар асқан қызығушылықпен және албырт  жалынмен  қатысты. Біреулері  Қысты әлі де қалдырғылары келіп, арқанды оның жағына қарай тартса,  балғындар мен қонақтардың  көпшілігі  Көктем жағында болды,  себебі  олардың барлығы  тезірек  қысқы тондары мен пималарын шешіп, алаудың үстінен секіруге  асықты. Алаудың үстінен  секіру  де аса қызықты өтті. Көп кешікпей алыстан  күлдіргіштердің ысқырықтары, кішкене қоңыраулардың сылдыры мен сырнайдың көңілді сазы  естілді. Бұл көптен күткен, хош иісті құймағын ала келген – Масленица. Балалар мен ересектер  Масленицаның  айналасында  сауық-сайран салып, сырнайшыны айнала билеп,  көңіл көтерді. Мереке соңында  Масленица  барлық қонақтарды әртүрлі дәмді тағамдар қойылған дастарқан басына шақырды, әрине,  дастарқанның сәні  бал мен қаймақ  қосылған құймақ болды. 

Наталья Зинковская 

Қызылорда облысы, Шиелі кенті