ПУТИН НАЗАРБАЕВТАН НЕНІ ҚАЛАЙДЫ?

Екікүндік кездесуде Путин
Назарбаевқа Украинаға қатысты қандай талаптар қояды? Қазақстан мен Ресей
арасындағы екіжақты қатынасты сылтауратқан Кремль Астанамен қандай мәселені
талқылайды? Украинадан Қырымды бөліп алуға қатысты ұстанған Қазақстанның
саясаты қандай?

 

 Путин Қырымға көз алартты


ҚР Президенті Н.Назарбаев бүгін Ресейге ресми іссапармен
барады. Кремльдегі Путинмен кездесуде Қазақ президенті екіжақты ынтымақтастыққа
қатысты мәселелерді жоғары деңгейде талқыға салмақ. Екі күнге созылатын бұл
кездесуде әрине, Украина мен Ресей арасындағы саяси және әскери кикілжің,
Ресейдің Қырымға қатысты ұстанып отырған саясаты, халықаралық саясатқа
байланысты күн тәртібінде тұрған мәселелер қозғалады.

Қазақстанмен Кедендік одақ, Еуразиялық одақ шеңберінде
серіктес саналатын Ресейдің бүгінде досынан дұшпаны көп. Оның себебі, Еуропалық
Одаққа ұмтылған украиндардың ішкі ісіне қол сұғып, онысынан түк шықпағасын Украинаның
территориялық тұтастығына қауіп төндірді, анығы, Қырымды украиндардан бөліп
алуға жанталасуда. Ал экс-президент Янукович ертең, 11 наурызда
Ростов-на-Донуда баспасөз мәслихатын өткізуге дайындалуда. 28 ақпан күнгі
мәслихатта «Украинаның президенті әлі де менмін. Украина үшін аяусыз күресем!»
деп мәлімдеген Януковичтің ертең не айтатыны белгісіз. Белгілісі, ол – ресейлік
бағытты қолдайтын, Еуропалық Одаққа ұмтылмайтын президент. Есесіне, қазіргі
украин билігі еуропалық бағытта ұмтылуда.Украина сыртқы істер министрі Андрей Дешица өз елінің жуық арада Еуроодақпен келісімге отыратынын мәлімдеді. Бұған еуропалық шенеуніктер де қарсы емес. Сәл уақыт бұрын Еуропалық Комиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозу Еуропалық Одақтың тез арада Украинамен бірігуінің саяси тұстарын қамтитын құжаттарға қол қойылатынын айтқан еді. Қазіргі кезде орыстардан құқай көрген украиндарға Біріккен Ұлттар Ұйымы, NATO, АҚШ, Еуропалық Одақ т.б. қолдау көрсетуде. Наразылық шаралары мен ресми санкциялар арқылы қысым жасауды көздейтін олар РФ тәубесіне келмесе, қатаң шара қолданылатынын бірнеше рет ескертті.

2014 жылдың 1 наурызында РФ Федерация кеңесі В.Путинге
Ресей әскерін Украина аумағына кіргізуге, яғни, әскери күш қолдануға рұқсат
берді. Күш қолдану үшін рұқсат сұрау барысында Путин: «Біз Украинадағы орыс
ұлтының азаматтарына араша түсу, оларды құтқару үшін әскер кіргізуге
мәжбүрміз», – деді. Алайда, әлеуметтік желілерде Ресейдің Украинадағы
азаматтары дайындаған: «Ресей, мені құтқарудың қажеті жоқ. Украинадағы жағдайым
жақсы, ешкім мені қыспаққа алған емес» деген тақырыпта арнайы бейнежазба
жариялады.  Украина сыртқы істер
министрі Андрей Дешица өз елінің жуық арада Еуроодақпен келісімге отыратынын
мәлімдеді. Бұған еуропалық шенеуніктер де қарсы емес. Сәл уақыт бұрын Еуропалық
Комиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозу Еуропалық Одақтың тез арада Украинамен
бірігуінің саяси тұстарын қамтитын құжаттарға қол қойылатынын айтқан еді.
Қазіргі кезде орыстардан құқай көрген украиндарға Біріккен Ұлттар Ұйымы, NATO,
АҚШ, Еуропалық Одақ т.б. қолдау көрсетуде. Наразылық шаралары мен ресми
санкциялар арқылы қысым жасауды көздейтін олар РФ тәубесіне келмесе, қатаң шара
қолданылатынын бірнеше рет ескертті.

  Украинадағы орыстар Путинге наразы


Украинаны еуропалық бағытынан қайтара алмаған Ресей
бүгінде Қырым арқылы қысым жасауға бекінген. Анығы, ол жақтағы халықты (басым
бөлігі – орыс ұлтының өкілдері) Ресейге қосылуға үгіттеу арқылы, ал 300 мыңға
жуық Қырымның ежелгі тұрғындары – татарларға қысым жасау арқылы әрекет етуде.
Өткен аптада Мәскеуде ұйымдастырылған Қырымды Ресейге қосып алу туралы «Біз
біргеміз!» шарасына арнайы келген Қырымның депутаттары (араларында спикер де
бар) «Орыс бауырлар, біз Ресейге сенеміз. Бізге көмектесіңдер!» деп аттандады.
Ал Қырым татарлары болса Украина құрамынан кеткісі жоқ. Олар: «Бауырлар, бізге
көмектесіңдер!», – деп Қазақстан, Түркия мен Әзірбайжаннан көмек сұрады. Әлбетте,
экономикасы мен импортының кіндігі Ресейге байланып қалған әрі саяси тұрғыда
көпвекторлық саясатты ұстанса да, Ресеймен етене жақын, Кедендік одақ,
Еуразиялық одақтың белсенді мүшесі саналатын Қазақстан билігі бұған кесімді
жауап айтпады. Бірақ өткенде көштің соңын алып барып жасаған Украинаға қатысты
ресми мәлімдемеде Қазақстан жағы «тараптарды әскери күш қолдандай-ақ, бейбіт
келісімге келуге» шақырды.

Ресей Севастопольді меншігіндей көреді

Бір кездері бауырлас украиндардан жалға алған
Севастопольді бүгінде Ресей басы бүтін иемденіп алған. Ол аз десеңіз, өткен
аптада Севастопольдегі іс қағаздарын жүргізу түгел орыс тіліне көшірілді. 2014
жылдың 7 наурызында севастопольдік қалалық мемлекеттік әкімшілік төрағасының
міндетін атқарушы Дмитрий Белик осы аймақта Украинаның мемлекеттік тілін (украин
тілін) іс қағаздары мен құжат айналымынан алып тастауға, оның орнына орыс тілін
енгізуге бұйрық берді.

Ресей әскери күшті ендігі қолдана бастады. Бүгін түнде
ресейлік әскерилер Қырымның Қаратеңіз зымырандық-техникалық бөлімшесіне қарулы
шабуыл жасаған. Сағат түнгі 1.30 шамасында 200-ге жуық ресейлік әскерлер
аталған бөлімшеге келіп, қауарылдан бастап бүкіл әскерлердің қару-жарағын
сыпырып алған. Қаруды қоймаға тапсыртқаннан кейін олар украин әскерилерін
бөлімше аумағынан қуып жіберіпті. Бүгінде қоймадағы қару-жарақты күзеткен екі
украин офицерінен басқа ешкім жоқ. Жуырда РФ тарапынан Керчидегі украиндық жаяу
әскерлерге 16 наурызға дейін Ресей жағына өтуді талап еткені мәлім. Себебі, 16
наурызда түбектің мәртебесін анықтау мақсатында референдум өзткізілмек.

Қырым парламентінің спикері Владимир Константинов
Украинадағы саяси алаңда майдандықтардың сөзін сөйлейтін Қырым азаматтарына:
«Егер тәубеге келмесеңдер, сендерді Жер бетінен жоқ қып жіберем!», – деп
қорқытты. Өткен апталарда Қырымдағы татарлардың үйлерінің қақпасына белгісіз
біреулер жасырынып барып, белгі соғып кетіпті. Әлеуметтік желілер мен бұқаралық
ақпарат құралдары арқылы дабыл қаққандар: «Бұрын Сталин еврейлердің үйлерінің
сыртына осындай белгі салып, сосын жаппай қырып-қойған болатын. Кім нені
көздеді?», – деді.

Сонымен әзірге Путиннің бұйрығын күткен ресейлік
әскерилер жақтан сыбыс жоқ. Тек кеше интернетте «шешендерді «Градқа» шабуыл
жасау үшін Қырымға әкелді» деген хабар тарады. Яғни, Кремль әскери күшті молдавандардың
Приднестровье аймағы мен Қырымға шоғырландыруда. Орыстардың әскери техникасы
ендігі аталған аймақтарға енгізіліп қойған. Біздің тілейтініміз, лайым соғыс
болмасын. Дәл осы тілекті халықаралық ұйымдар мен әлемдік қауымдастық өкілдері
де айтты. Ресми мәлімдемелер жасаған олар соғысты аңсаған Кремльге, жат елдегі
Ресей азаматтарының қауіпсіздігін сылтауратқан РФ президенті Путинге қысымды
күшейте түсу керек деген пікірде. Әйтпесе, 2008 жылы грузин билігін арандату
арқылы Оңтүстік Абхазия мен Осетияны Грузиядан қару-жарақтың арқасында бөліп
алған Кремльдің ештеңеден тайынбайтыны анық. 

  Нәзия Жоямергенқызы

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button