ЖОЛДАУ ЖАЙЛЫ СТУДЕНТ ОЙЫ

ЖОЛДАУ ЖАЙЛЫ СТУДЕНТ ОЙЫ

ЖОЛДАУ ЖАЙЛЫ  СТУДЕНТ ОЙЫ
ашық дереккөзі

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2014 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын арнады. Жолдауда Қазақстанның өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары келтіріліп, елдің алдағы жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының басты артықшылықтары мен болашақтағы даму стратегиясы көрсетілді.

Көлемі мен деңгейіне байланысты жаңа нұсқамалардың маңыздылығы бойынша жаңа бағдарламалық құжат біздің республикамыздың 2050 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары болып табылатындықтан зор жігермен қарсы алынды. Елбасының Жолдауы Қазақстанның дамуы үшін алдағы бірнеше жылда үлкен роль атқаратын болады.
Президентіміздің ойлары мен бастамалары студенттердің арасында да орынды пікір туғызды деп есептеймін. Студенттер жыл сайын Президентіміздің Жолдауын асыға күтеді. «Бұл біздің еліміздің дамуына себептес стратегиялық бағыттардың реті», – дейді болашақ мамандар.
Президент әрқашан еліміздің болашағы үшін жас ұрпақтың маңыздылығын ерекше бөліп айтады. Жолдауда тек қазақстандықтарға қатысты әлеуметтік мәселелер ғана емес, сонымен қатар, ғылым мен білім саласын да қамтыған. Ұлт Көшбасшысы өсіп келе жатқан ұрпақтың адамгершілік, рухани және патриоттық тәрбиесіне, тұлғаның жоғары моральдық және этикалық мәдениеті мен жауапкершілігіне ерекше көңіл аударды.
Студенттер Президентіміздің өз Жол­дау­ында біздің республикамыздың дамуын ал­дағы 30 жылға дейін, яғни, 2050 жылға дейін жоспарлағанын түсінгені жөнінде паш етеді. Жолдауда елімізді зор құрылыс алаң­ына айналдыру, оқудағы жастардың болашағына сенімділік орнату үшін, жаңа жұмыс орындарын құру үшін барынша күш салу туралы шешімі ерекше атап өтілгені бүкіл қазақстандықтар үшін маңызы аз емес.
Польша елінде «Халықаралық студенттер­ алмасу» бағдарламасы бойынша білім алып жүр­ген Л. Гумилев атындағы ЕҰУ студент­тер тобы 2014 жылғы Жолдауда ерекше назар аударылған «Қазақстан-2050» даму стра­те­гиясының негізгі тұжырымдамаларын белсенді тал­қылады. Жас ғалымдардың ролінде да­муына толық мүмкіндік беретін еліміздің ғы­лымды қажет ететін экономикасының даму қажеттілігі туралы мәселе де белсенді тал­қы­лауға салынды.
Жолдауда бізге Президентіміздің Мәде­ниет­ті саясат концепциясын өңдеу туралы бас­тамасы қатты ұнады. Біз бұл ой қазақ елін біріктіріп, еліміздің тұрақтылығын ны­ғай­тады деп санаймыз. Өйткені «Мәңгілік ел» Патриоттық актісі қазақстандық қоғамның барлық өзекті құндылықтарын бекітеді. Ал Жол­дауды жүзеге асыруды белсенді өмірлік позициясы бар әрбір азамат өзінен бастауы қажет.
Елімізді жүзеге асырылатын ауқымды модер­низация үдерісін енгізу туралы қазақ­стандық жастардың үндеуімен құлшынған, біз, Тұңғыш Президенттің бағытын қолда­ға­нымызды іс жүзінде дәлелдеуге шақырамыз. Өткен Жолдауда көрсетілген тапсырмалардың жоспарлы орындалуының нәтижесінде Қа­зақстан бүгінгі таңда үдемелі даму үстінде. Бұл ретте, осы жетістіктерге жетуде Қазақстанның Президенті Н.Ә. Назарбаев үлкен роль атқарғанын, оның саяси даналығы мен жігері Қазақстан жолының сәттілігінің басты кепілі екендігі жөнінде атап өту қажет. Тәуелсіздіктің қысқа кезеңінде жеткен жетістіктер алдағы өткен Жолдаудың әр тарауын сапалы және мұқият жүзеге асырусыз мүмкін емес еді.
Студенттер елімізде болып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық үдерістерге үлкен қызығушылықтарын көрсетті. Рес­пуб­ликамыздың жастары бүкіл елімізге стра­те­гиялық маңыздылығы бар бұл құжаттың экономиканың перспективті даму үлгісінің ұзақ мерзімді бағдары болып табылатындығын түсінеді.
Біз, бұл Жолдауды басшылыққа ала отырып, еліміздің қоғамды әрі қарайғы жаңартуда үлкен сәттіліктерге жететініне сенеміз. Жолдау ойларын жүзеге асыруға үлкен құлшыныспен кіріскен студенттер қазақстандық халық бірлігінің, оның адам прогресінің жаңа мүмкіншіліктеріне ұмтылуының анық дәлелі болып табылады. Біздің еліміздің жастары Президентіміз белгілеген нақты тапсырмалар мен мақсаттарды орындауға белсенді күш салуға ниет білдіруде.
Ұлт көшбасшысы өзінің стратегиясында «еліміз бен қазақстандықтардың өмірін күннен күнге, жылдан жылға жақсартатын» нақты тәжірибелік істердің бағдарламасын баяндады. Жолдау әлеуметтік бағытталған, студенттік жәрдемақының көлемін 25 пайызға көтеру болжануда. Бүкіл жас қазақстандықтар кепілдендірілген техникалық білім алу мүмкіндігіне қуанады, ал оқу дәрежесінің жоғарылығы үшін қолдау, оқушылар мен студенттердің жәрдемақысының көтерілуі тіптен жастарды мемлекет алдында үлкен жауапкершілікке шақырады. Бұл тек оқу қабілеттіліктерін, сонымен қатар, мектеп түлек­терінің әрі қарайғы білім алуға ұмты­лысын көтермелейді.
Бізді осы жылы ғылымның дамуы мен жаңа технологияларға ЖІӨ-нен 3 пайызы бағытталған фактісі қуандырды. Өйткені іргелі білім озық қарқынмен дамуы қажет. Елімізде ұзақ мерзімді бизнес үшін барлық жағдайлар жасалынғандықтан, Қазақстан шетел инвестициялары үшін аса қызықты болып табылады. Біріншіден, саяси және экономикалық курстың тұрақтылығы мен жүйелілігі, сонымен қатар, Еуропа мен Азияның нарығында қиысқан географиялық орны. Жаңа технологиялардың дамуынсыз Қазақстан өзін бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде санай алмайды. Бұл нанотехнологиялардың, ғарыш технологияларының, роботты техника мен тектік инженерияны, болашақ энергия көзін енгізу кезек күттірмейтін маңызды мәселе. Демек, білім мен ғылыми зерттеулерде еліміздің тез және сенімді түрде әлемнің 30 бәсекеге қабілетті мемлекеттерінің қатарына кіруге мүмкіндік беретін планка орнату қажет.
Техникалық бағыт бойынша оқитын студенттерді Қазақстанның геологиялық барлау саласында әлемдік нарыққа шығу ойы мен ауыл шаруашылығының өнімін ірі өңірлік экспортшысы болу перспективасы таң қалдырады. Қазақстанның көлік және энергетика, соған сәйкес инфрақұрылым құру, урбанистік орталықтар мен инновациялық кәсіпорындарды дамыту, мұнай өңдеу зауытының құрылысы, атомды электр бекетін жасау және ядролық физиканы дамытуға ұмтылысы болашақта жұмыс орындарымен қамтуда үлкен сенімділік береді.
Студенттік қауым Президентіміздің «аспаннан нәпақа күтпей, тиімді еңбектену керектігін, сонда ғана отбасыңа және жеке өзіне амандық келеді» деген сөзін жақсы түсінді.
Қазіргі кезде жастардың еліміздің бола­шағы үшін маңызы зор. Мемлекет жас­тар­дың өз елінде талап етілетініне барлық жағдайларды жасауда. Қазіргі жастар қиялмен өмір сүрмей, еңбек етіп, өзінің туған Қазақстанында өзінің әлеуетін жүзеге асыруы қажет. Қазақстандық жастар оқуға, жаңа білім түрін игеруге, тәжірибе алуға, өз білімдері мен технологияларды күнделікті өмірде, егер мемлекет жастарға ең қолайлы жағдай жасаса, тиімді қолдануға уәде береді.
Президентіміз қазіргі уақытты және келешек кезеңді қатаң бәсекелестік, экономикалық және саяси, азық-түлік дағдарысының кезеңі деп мәлімдеді. Өзекті мәселелердің бүкіл спектрі бойынша мемлекеттік саясаттың көрсетілген стратегиялық бағыты еркін және өскелең Қазақстанды құрудың жаңа кезеңі болып табылатынына еш күмән жоқ, себебі біздің қолымызда Қазақстанның болашағы!

Назерке Уәлиева,
Силезия Политехникалық
университетінің студенті,
Польша