Серік Абас-Шах: ЖАБЫЛҒАН АРНА, ЖАБЫҚПАЙТЫН ҰЖЫМ

Серік Абас-Шах: ЖАБЫЛҒАН АРНА, ЖАБЫҚПАЙТЫН ҰЖЫМ

Серік Абас-Шах: ЖАБЫЛҒАН АРНА, ЖАБЫҚПАЙТЫН ҰЖЫМ
ашық дереккөзі

1. Маусым айының
соңында, ойламаған жерден ”ЕЛ арнаға” директор болып тағайындалдым. Мемлекеттік
хатшы мен министріміз сеніп тапсырған соң, “қабырғаммен кеңесіп” толғатып
жатпай-ақ, бірден келісім бердім. Арнаның сол кездегі директоры Айгүл Мүкей
декретте болғандықтан, оның міндетін уақытша атқарушы ретінде іске кірісіп
кеттім. Сыйлас құрбымның орнына барар алдында ептеп
ыңғайсызданғанымды жасырмаймын. Бірақ, жаныма жақын әрі атауына тікелей қатысым
бар телеарнаны жаңа сатыға көтеру мүмкіндігі бәрін ұмыттырып жіберді. Айгүлдің
кабинетін “оккупациялаған” жоқпын, төртінші қабаттың шеткі бұрышынан
өзіме жетер орын таптым. Әріптестерім 77 санымен аяқталатын бұрынғы телефон
номерімді өзіме қайтарып берді…

2. ”ЕЛ арнаның” өткен жылғы бюджеті бекітіліп, қаржы алдын ала
бөлінгендіктен, келе сала “төңкеріс жасай” қою мүмкін емес еді.
Сондықтан, қолдағы бар күшті 2014 жылдың жаңа жобаларына жұмылдырдық. Директор
ретінде негізгі мақсатым: жастар арнасы болып табылатын екі тілді арнаны
бірте-бірте отбасылық арнаға ауыстырып, 2014 жылдың соңына дейін 90 пайызға
дейін қазақ тіліне көшіру болатын.

3. “ЕЛ арнаның” жабылатыны жайлы ескертпені қаңтар айында естідім.
“Ойбайлайтындай” қасipeт емес, бipак, сол күні жақсылап іштік…
Алматыға сол түні “Ирония судьбы или с легким паром” фильміндегі бір
кейіпкердің жағдайында “ұшып келіппін”… Ұжымға да жеңіл тимегені
анық. Қаншама адам жұмыссыз қалғалы отыр?

4. “ЕЛдің” жаңа жылдан бергі эфирі өзіңізге таныс шығар?
Эфир кестесiн “повторлар” жаулап алды.
Арасында азын-аулақ, асығыс-үсігіс “бірдеңе” жасаған болдық. Бірақ,
тағдыры алдын ала шешілген телеарнаның қашқан берекесін қайтару мүмкін емес
еді.

5.”ЕЛ арнаның” өндіріске бөлетін қаржы көлемі туралы нақты цифрларды аша
алмаймын. Бірақ, тұспалдап жеткізе аламын: тым аз едi… Мемлекеттік арналар
ішінде “ЕЛ арнаның” сатып алатын өнімдерге бөлінетін қаржысы “Білім
және Мәдениеттен” де, тіпті “Балапаннан” да төмен. Ал “Хабар” мен “Қазақстан”
сияқты азулы арналармен салыстырмай-ақ қояйын…

Ең дөрекі мысал: 2013 жылы “Ел арнаның” ішкі өнімі бойынша бірде бір жобаға
жаңа декорация жасалынбапты. Не деген таусылмайтын үнем?! Осыны түсінбей
кететін болдым…

6.Биыл, 2014-жылы жоғарыдағы цифр үш есе көбейер
еді. Яғни, таза өндіріске бөлінетін қаржының молаюы сатып алатын (бұл жерде
аудсорсингтік компанияларға тапсырыс беру арқылы жасалатын) өнімнің санын да, сапасын
да арттырар еді. Өкінішке қарай, бекiтілген қомақты қаржыны игеруге қол жеткізіп
үлгермедік.

7. Директор ретінде қызметке қабылданған кезде “Ел арнада” отыз алты адам
ғана қызмет атқаратын. Штатта екі-ақ продюсер болды. Біреуі – таңертеңгілік
жобадағы Қымбат Досжан, екіншісі – тележоба үшiн “отқа күйiп, суға
батып” жүретін Толқын Сейдоллақызы. Бұған “әмбебап”
(ұйымдастырушы, жүргізуші, “жүгіруші”) Асхат Садырбайды қосыңыз…
Арнаның өндірістік ауқымын осы штаттың шамасымен-ақ бағамдай беріңіздер.
Күнделікті кешкілікті эфирді арзан бағалы “Жарайсыңмен” жауып
жүрдік… Түкке тұрмайтын тиын-тебенге жасалатын “Ән арнаның” сапасы
туралы айтпай-ақ қояйын… Бұлармен алысқа шаппасымыз түсінікті еді…
“Туған өлкеміз” де көпке ұзаған жоқ… Ұжым жаңа жылда басталатын
телемаусымға үлкен үміт артылып отыр едi.

8. Менің ұсынысыммен, қыркүйек айынан бастап телеарнада креативтік
директор, бас продюсер, бас редактор қызметтері пайда болды. Бұған Нариман
Қойшыбаев, Бақыт Аманжолқызы, Әсия Бақдәулетқызы, Сандуғаш Кенжебаева секілді
талантты жастар тартылды. Бірнеше тілде еркін сөйлеп, бұған қоса шығармашылығы
мен іскерлігін қатар алып жүрген жастар жаңа жұмысқа білек сыбана кіріскен-ді.
Бет алысымыз тәп-тәуір болатын…

9. ”Ел арна” эфирінің төрттен бір бөлігін түрік пен кәріс сериалдары
толтыратын. Оларға тиым салған кезде эфирлік кестеде үлкен “дыркалар” көбейді.
Оны жабу да үлкен проблемаға айналды. Әр аптаның эфирлік кестесін дайындаған
кезде, “банк кредитін қайтаратын уақытта тиын таппай” қиналатын
мұқтаж отбасыдай сезінетінбіз. Арғы жағы белгілі емес пе? Күндіз-түні ығырыңды
шығаратын қайталау, ертелі кеш езе беретін “повторлар”…

10. Өндіріске бөлінген ақша көлемі шектеулi болғандықтын басқа арнадағыдай
“мегажобалар” жасай алмағанымыз рас. Көрерменге “Сулейман
великолепный” мен “Келін” сияқты сериалдар деңгейінде
телехикаялар да ұсына алмадық. Соған қарамастан, тұрақты көрерменiмiздiң молдығын мақтан тұтамыз. Аудиториямыздың басым көпшілігі әйелдер қауымы, 80
пайызға жуығы қазақтілді көрермен еді. Олардың телеарнаға адалдығына эфирдің
жұпынылығы да кедергі бола алмады. Бізбен бірге соңына дейін шыдап, эфир
жабылғанша үміт үзбегеніңіз үшін бәріңізге мың да бір рахмет!

11. Министр Ерболат Досаев “шегелеп айтқан” екі миллиард теңге “Ел арнаның”
жеке еншісінде болса, нәтиже мүлдем басқаша болар еді. Шаңырағымыз мен есеп
шотымыз ортақ болғандықтан “Хабар” агенттігінiң” иелiгiне
берiлген әлгі қаржы біздің ғана игілігімізге жұмсалмағаны анык. Бұл бөлек
әңгіме…

12. Рейтинг бойынша… Осыларды зерттеп, “нан тауып жеп” отырған
“TNS Gallup Media” деп аталатын мекеме бар. Солар арқылы “Ел
арнаның” 2012 жылғы нәтижесі мен 2013 жылдың екінші жартысындағы
көрсеткішін салыстырып көруіңізге болады. Өткен күздің соңына қарай, шамамызға
қарамастан “Хабар” ағайдың” өзімен де рейтинг бойынша тайталаса бастадық.
Тіпті, апталап ілгері кеткен кезеңдер де болды… Бірнеше рет “Қазақстан”
телеарнасынан да озған күндеріміз есте. Бұл қаржымыздың аздығына қарамастан
жасаған әрекетіміздің нәтижесі еді. Ал биылғы жоспарлаған қаржыға қол жеткізіп,
жобалардың бәрін іске асырғанда, “талайды шаң қаптырар” едік.

13.”Президент
Казахстана в октябре давал поручение оставить только каналы с качественным и
необходимым контентом”, – депті министр Е.Досаев
Шынында да, Президент не деп еді?

“Куда смотрят при
рассмотрении бюджета? “Бiлiм” и “Мәдениет” – это точно один
канал в моем понятии. Смотришь эти каналы – контента нет, не могут найти. Из пальца
высасывают. Показывают животный мир и какие-то исторические фильмы. И все.
Сколько людей работают на каждом из этих каналов, а творчества нет.
“CaspioNet” сейчас назвали “Kazakh TV”, еще появился
“24.KZ”. Это разве не один канал, который транслируется и в
Казахстане, и в мире? Вместо того, чтобы работать качественно, мы черт-те что
делаем, деньги разбазариваем”, – заявил тогда Президент.
Назар аударыңызшы, Президент “Ел арна”
туралы бір ауыз сөз айтты ма?

14. 2000 жылдың наурызында ”Хабар-2” болып ашылған “Ел арна” биылғы наурызда
жабылғалы жатыр. Арасында он төрт жыл…

15. Ешкім жылап-сықтап жатқан жоқ. Арна
жабылса да ұжым жабықпайды… Құдай аманшылығымызды берсін! Жеке өзіме келсек:
мемлекеттік телевизия саласында қызмет жасағаныма биыл жиырма бес жыл толады
екен. Оның соңғы он екі жылы әртүрлі “қожайындарға” жалтақтап,
шығармашылық еркіндік пен ерекше “бата” күтумен өтіп кетті.
“ГосСМИ-дің” қазіргі жағдайында мемлекеттік телеарнадан өз орнымды
көріп тұрғаным жоқ.Ортам өзгергісі келмесе,
онда өзім өзгеруім керек шығар?

16.Біздің артық ақшамыз
жоқ… Біздің “ағашкамыз” да жоқ…
Бірақ, біз жаңа қадамдар жасауға қорықпаймыз… Сіз
ше?

17.Бұлай жазам деген ой жоқ
еді. Министр Ерболат Досаевтың “екі миллиард” пен “рейтинг”
туралы әңгімесі қанымды қоздырып жіберді.
Ғафу етіңіздер!

Серік-Абас-шах