«ЕВРОРЕЙТИНГ – 2013»-ТЕ КӨШ БАСТАҒАНДАР

«ЕВРОРЕЙТИНГ – 2013»-ТЕ КӨШ БАСТАҒАНДАР

«ЕВРОРЕЙТИНГ – 2013»-ТЕ   КӨШ БАСТАҒАНДАР
ашық дереккөзі

Еуропаның ғылыми-өндірістік палатасы жоғары оқу орындары арасындағы академиялық рейтинг  – Еуропалық стандартын  (Academic ranking of world universities-European standard ARES) жариялады. Әлем бойынша 2678 университет қатысқан рейтингтің ішіндегі 23-і қазақстандық оқу орындары болатын. Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ қазақстандық оқу орындары арасында көш бастаған бестіктің қатарында. Оның ішінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, ҚарМТУ, ИнЕУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бар.  

Рейтинг Еуроодақтың жуырда енгізілген стандарттарына сәйкес, жоғары оқу орындарына арналған талаптар бойынша өтті. Университеттер аймақтарға бөлініп, 9 баллдық  халықаралық жүйе бойынша сараланды. Қазақстандық 5 оқу орны «BBB+» rating – «sufficient high ranking» (айтарлықтай жоғары) тобына енді.

«Еврорейтинг-2013» басқа да рейтингтік агенттіктермен жұмыс істей отырып («ARWU», «QS» секілді), желілік жүйені қолданып, олардың кемшіліктерін ескерді. Мұнымен қоса, тағы мынадай Еуропалық параметрлер есепке алынды: университеттің аймақтағы рөлі, ғылыми және оқу процестерінің мониторингі, оқу процесінде ақпараттандырудың жаңа заманауи технологияларын пайдалану, оқыту сапасын бағалауда студенттің рөлі, түлектерінің сұранысқа ие болуы, ақпараттандыру, профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін көтеру деңгейі, Еуропалық сауда-өнеркәсіптік палатасынан және Еурокомиссиядан т.б. алған марапаттары, еуропалық академиялық ғылымға мүшелігі.

Ж. Баққондыұлы