КӨШБАСШЫҒА АЙНАЛҒАН «ЭЙР АСТАНА»

КӨШБАСШЫҒА АЙНАЛҒАН «ЭЙР АСТАНА»

КӨШБАСШЫҒА АЙНАЛҒАН «ЭЙР АСТАНА»
ашық дереккөзі

2013 жылы «Эйр Астана» әуе компаниясының жолаушылар тасқыны 2012 жылмен салыстырғанда 13,5 пайызға ұлғайды және 3,7 млн. жолаушыны құрады. 20 мың тонна жүк және 1,5 тонна пошта тасымалданды. Өткен жылдың соңына әуе компания флоты 30 ұшақты құрады. Fokker-50 әуепарктен шығаруына және тиісті үлгідегі ескі әуе кемелерінің орнына жаңа Boeing 767-300 ER және Airbus А320 келуіне байланысты ұшақтардың орташа жасы 6,4 жылды құрады.

Сонымен қатар, «Эйр Астана» Embraer 190 ұшақтарын 8 данаға дейін көбейтті. Барлық жаңа әуелайнерлерді әуетасымалдаушы өз бетімен, мемлекет не акционерлер тарапынан инвестицияларға жүгінбей, өзінің қаражаты және авиациялық қаржыландыру нарығындағы қаржы құралдары арқылы сатып алды.

Әуе компания президенті Питер Фостер: «Эйр Астана» өз әуе паркін 2013 жылы жаңартты, сондай-ақ маршруттық желісін аймақтық және алыс магистральды бағыттарда кеңейтті. Бұл болашаққа ірі инвестициялар, сөйтіп біз аймақтық авиациялық нарығында өз көшбасшы жайғасымымызды нығайта түсудеміз. Біз өткен жылы «Орталық Азияның және Үндістанның үздік әуе компаниясы» деген Skytrax жүлдесін екінші мәрте қатар алғанымызды мақтан тұтамыз».

Маршруттық картаның кеңейгені және халықаралық рейстерде ұшулар жиілігінің ұлғайғаны түйісу рейстер кестесінің ыңғайлануына және транзиттік жолаушылар санының өсуіне себепкер болды. 2012 жылмен салыстырғанда халықаралық туристер саны 113 пайызға көбейді.

Индира Байсалбекова