Н. Назарбаев: Қазақстан ешкімге территориясының бір пұшпағын да бермейді

Бұл жайында бүгін Гаагада өткен Үлкен жетілік саммитінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеген. Қырымды өз құрамына халықаралық заңдар мен келісімдерді белден басып отырып, қосып алған Ресейдің ісін құптамаған әлемдік қауымдастық Ресейге қарсы экономикалық және саяси санкцияларды қолдана бастады. Соның ең алғашқыларының бірі  –  Ресейді үлкен сегіздік елдері қатарынан шығарып тастауы. Бүгін, яғни наурыздың 25-інде Нидерландының астанасы Гаагада алда болатын Саммитке орай, үлкен жетілік елдерінің  ресми емес пленарлық сессиясы басталды.  Үлкен сегіздік елдерінің Саммиті 1896 жылдан бері тұңғыш рет Ресейсіз, үлкен жетілік құрамында бас қосты.   Осы сессияда сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Украинадағы жағдайдың Қазақстанда қайталануы мүмкін деген болжамдарды жоққа шығара отырып,  Қазақстан ешкімге территориясының  бір пұшпағын да  бермейді дегенді кесетті. 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button