ТҮРКІ ӘЙЕЛДЕРІ ҰЙЫМ ҚҰРДЫ

ТҮРКІ ӘЙЕЛДЕРІ ҰЙЫМ ҚҰРДЫ

ТҮРКІ ӘЙЕЛДЕРІ ҰЙЫМ ҚҰРДЫ
ашық дереккөзі

Түбі бір түркінің бірлігін нығайтуға әйел журналистер де
белсене атсалыспақ. Ескішаһардағы Түркітілдес журналистердің құрылтайында
конферения өткізген әйел журналистер арнайы ұйым құрды.

  Түркияның Ескишехир қаласында өткен
Түркі әлемі журналистерінің І Құрылтайында Түркітілдес әйел журналистердің
конференциясы ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты –  Жер шарының 30-ға жуық
мемлекетінен жиналған әйел журналистерді бір бірімен таныстыру, қызмет бабында
кездесетін қиындықтар мен түйткілдерді анықтау, оларды шешудің жолдарын
қарастыру, Түркі әлемінің бірлігін күшейтуде әйел әріптестердің қосатын үлесі
мен мақсат-міндетін анықтау.  Ашық
пікірталас пен ұсыныстарды талқыға салған әріптестер Дүниежүзілік Журналистер
Федерациясының жанынан Түркітілдес әйел журналистер ассоциациясын құруға шешім
қабылдап, аталған ұйымның құрылтайшылары анықталды. Сонымен қатар әр
мемлекеттен ассоциацияның өкілдерін тағайындап, әлеуметтік желілерден арнайы
парақшалар ашу көзделді. 

Гүлтен Абдулла, Галати, Румыния:

65d846362e2cf6f0e772b9fa86ac62af.JPG


Түркітілдес әйел журналистер кәсіби тұрғыда өзін өзі жетілдіруге көңіл бөлуі
тиіс. Мәселен, экономика тақырыбына жазатын журналистердің кейбірі кейде жібі
түзу сұрақ қоя алмайды. Саясат не мәдени тақырыпқа жазатындар да.
Сондықтан  кәсіби тұрғыда біліктілікті
арттыруға күш салу қажет. Радикалдық бағыттағы ешбір әрекетті қолдамаймын.
Бірақ түбі бір түркі бір болуы тиіс. Әпсаналардан бастап, ұлттық мақал мәтел,
ертегілерді жас ұрпақтың бойына сіңірген жөн. Журналист болу оңай шаруа емес.
Болған оқиғаны хабарлай салу да журналистика емес. Сосын соңғы кездері
журналистер папарацциге ұқсап барады. Бұл оқырман, тыңдарманның ғана емес,
жалпы қоғамның даму сапасын төмендетеді. Сіздерде қалай екенін білмеймін, бірақ
бізде, Румынияда жас ұрпақ ұлттық құндылықтардан мақұрым қалған. Журналистер
қауымы ұлттық тәрбиеге де баса назар аударса.

Нихаль Бейадин, Үскүп, Македония

7fe532e37507fa7f8c6766584508346d.jpg

– Меніңше,
әйел журналистердің ұйымын құру өте жақсы. Әйлдер бас қосса, біріксе, көп
нәрсе келеді қолынан. Бірін-бірі қолдап, жедел ақпарат алмасу керек. Мақсат-міндетімізді анықтау да аса маңызды. Бүгінде кез келген мемлекетте әйел
журналистердің бетпе-бет келетін 
қиындықтары көп. Мәселен, Үскүпте түркітілдес әйел журналистер көп,
бірақ жұмыссыз. Сапалы БАҚ жоқ, өз бетіңше газет не арна аша алмайсың.

Нодира Афакова, Бұқара, Өзбекстан

f2a11e1b4132956fd003b1385c8138fa.JPG

– Бірігуге
қатысты, бір мақсатта  қағаз жүзінде
емес, шынайы әрекет етілсе, бұл өте жақсы. Егер ассоцация шын мәнісінде жұмыс
істесе, керемет. Жаһандану заманында ынмақтастықта болмаса, тығыз қарым-қатынас
жасамаса, нәтижелі іске қол жеткізе алмайды. Адамзат қоғамында әйелдің
араласуын қажет ететін проблемалар бар. Мәселен, ұрпақ тәрбиесінде, денсаулық
сақтау, әйелдің мейірім-шапағатына зәру басқа да мәселелер. Әйелдер – ықпалды
да үлкен күш. Оны елеп-ескермеуге болмайды. Құрылтйда маған қатты ұнағаны
әйелдер конференциясы. Өйткені әйелдер емін еркін пікір
алмасып, түйткілдерді ашық айтты.

  Нәзия Жоямергенқызы

  Ескішаһар,
Түркия