Жаңалықтар

Оңай алынатын мұнай таусылды

ашық дереккөзі

Оңай алынатын мұнай таусылды

 Қызылорда облысына жалпы республикалық мұнай, ілеспе газ және конденсат қорларының 4,5 пайызы тиесілі. Сонымен бірге аймақ басшысы оңай өндірілетін мұнайдың уақыты өткенін, қазіргі таңда игеріліп отырған кен орындарының басым бөлігі өндірістің қорытынды кезеңдеріне жеткенін айтты. Кейбір кен орындарының сулану деңгейі 95 пайыз болып отыр». ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, 2013 жылы Қызылорда облысында 10,6 миллион тонна шикі мұнай өндіріліп, 2012 жылғы өндіру көлемінің 97 пайызын құрады. Жыл ішінде «Торғай Петролеум» АҚ бойынша ғана өндіру көлемінің төмендеуі 450 мың тоннаны құрады. Сонымен қатар, біз өндіру көлемінің 250 мың тоннаға дейін төмендеу орнын толтыра алдық», – деді аймақ басшысы Қ.Көшербаев.Аймақ басшысы мұнай өндірудің алдағы 5 жылға арналған болжам межелеріне талдау жасады. Ол жыл сайын 5-6 пайызға төмендейді. Мұнай өндіру коэффициентінің орташа көрсеткіші 20-60 пайызды құрайтын болады. «Бұл көрсеткіштер бізді қанағаттандырмайды. Сондықтан кен орындарындағы мұнай өндіру көлемін инновациялық әдістерді енгізу арқылы арттыру өзекті мәселе болып табылады», – деді ол. Осы орайда жедел түрде Оңтүстік Торғай, Шу-Сарысу және Сырдария шөкпе бассейндерін зерттеу қажет. Мұнда көмірсутегінің қомақты қорларын анықтау болжанып отыр. Геологиялық барлауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік ұстанымдарын кең пайдалану қажеттігіне аймақ басшысы айрықша тоқталды.

Индира Байсалбекова