Күлкі мерекесі қалай аталып өтеді?
Күлкі мерекесі қалай аталып өтеді?
Әлем халықтары тойлайтын «Күлкі күні» мерекесі қазақ халқында да бар. Мәселен, елімізде «Алдар Көсенің туған күні» аталып кеткен бұл мерекеде кездескен адамдар бір-бірін алдай білген. Содан болар, халық аузында «Әзілің жарасса, атаңмен ойна» деген ұғым қалыптасқан көрінеді. Дәстүрге айналып, ертеден келе жатқан бұл күн әлі күнге дейін өз мәртебесін жойған жоқ. Бір қызығы, бұл мейрамның қалай пайда болғандығы жұртқа да беймәлім. Дегенмен, халық аузында аталмыш мерекенің шығу тарихының бірнеше нұсқалары бар.Күлкі тарихының шығуы туралы әңгіме григориан күнтізбесіне көшумен тығыз байланысты. Дерек көздеріне сүйенетін болсақ, 1582 жылы бұл жарлықты енгізген Рим папасы Григорий еді. Тарихқа жүгінсек, «Жаңа жыл» мерекелері 1 қаңтарда емес, 25 наурыздан бастап 1 сәуірге дейін тойланатын болған. Сондай-ақ осы мереке қарсаңында халық түрлі ойын-сауықтар құрып, бәйге жариялап отырған. Бір қызығы, аталмыш мереке аптасы саналатын санаулы күндер біткен соң, олар басқа бір мерекеге дейін демалатын көрінеді. Әлі күнге дейін 31 наурызда Үндістанда «әзіл-оспақ» күні аталып өтеді. Бұл мереке негізінен,Үндістан елінен бастау алған делінсе, кейбір деректерде Ежелгі Римде күлкі мейрамын атап өту себеп болғандығы айтылған. Римде бұл мейрам ақпан айының ортасынан бастап сәуірге дейін жалғасқан. Күлкі құдайының құрметіне арналған бұл мейрамының соңғы күні «Зердесіздер мерекесі» деп аталған.Ендеше келер мерекемізді құр өткізіп алмай, қалжыңдасып, көңілімізді бір көтеріп алайық.
Нұрболат Досжан,ҚазҰУ-дің 2-курс студенті