Үкімет басына екінші рет келген бірінші Премьер-министр

Үкімет басына екінші рет келген бірінші Премьер-министр

Үкімет басына екінші рет келген бірінші Премьер-министр
ашық дереккөзі

“Президент Нұрсұлтан Назарбаев Кәрім Мәсімовты Үкімет басшысы қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды” деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.
«Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып
тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы
қызметінен босатылсын» делінген Жарлықта.

“Бұл кандидатура қазіргі жағдайда тиімді жұмысты қамтамасыз ету үшін
мейлінше лайықты деп есептеймін”, –  деп атап өтті Президент. Басты мақсат
инвесторларды тарту қажеттігін де айтты. Ал бұл тұрғыда Мәсімов мырзаның
шетелдік ұйымдар мен кәсіпкерлерге етене таныс екені белгілі. “Кәрім Мәсімов біз рецессияға және жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеген
2007–2009 жылдардағы дағдарыс кезеңінде жұмыс істеді. Экономиканы одан әрі
дамыту үшін бізге елдің ішінде де, негізгі шетелдік серіктестерімізбен де
тиімді жұмыс жүргізу қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Парламент Мәжілісінің
депутаттары елдің Премьер-Министрі лауазымына К.Мәсімовтің кандидатурасын
бірауыздан мақұлдаған болатын (105 дауыс). Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов 1965 жылы туған. Ол 2007 жылдың қаңтар айынан
2012 жылдың қыркүйегіне дейін ҚР Премьер-министрі қызметін атқарған болатын. 

Кәрім Мәсімов – Қазақстан Республикасы
тарихындағы Үкімет басына екінші рет келіп отырған бірінші тұлға. Бұған дейінгі
Премьерлер Үкімет басына екінші рет сайланбаған болатын. Сондай-ақ ұзақ
басқарған Премьерлердің бірі.

Елбасы Кәрім Мәсімов туралы “Бұл адам бәрімізге белгілі, ол туралы көп
айтудың қажеті жоқ”, – деді. “Саған екінші рет осылай дауыс беріп
отыр, енді еңбек ету керек”,  – деді Президент, – Әлемнің дамыған 30
мемлекетінің қатарына енуге байланысты қойылған міндеттер өз шешімін талап
етеді. Ғаламдық қаржы-экономикалық
дағдарыс жағдайында бізде де қиындықтар болуы мүмкін. Қазір халықаралық қаржы
институттарымен жұмыс істей білу және елімізге инвестиция тарту қажет болып
тұр. Бұл мәселелердің барлығын істі білетін адам басқаруы керек”,  – деді
Елбасы.