РЕСЕЙДЕ ЖАНАРМАЙ ҚЫМБАТТАДЫ

РЕСЕЙДЕ ЖАНАРМАЙ ҚЫМБАТТАДЫ

РЕСЕЙДЕ ЖАНАРМАЙ ҚЫМБАТТАДЫ
ашық дереккөзі

Бірінші жарты жылдықта мұнай бағасы көтерілмейді. Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин жанармай бағасына алаңдамауға болады деді. 

Теңге бағамының өз­ге­руіне байланысты Ресей­ден жанар-жағармай жет­кі­зушілердің саны күрт азайды. Өйт­кені үстінен көретін пайдасы шамалы. Сондықтан бүгінде отынмен қамтамасыз ету міндеті «ҚазМұнайГаз» компаниясына жүктеліп отыр. Олар үшін тиімсіз бол­ға­нымен, нарықтағы бағаны сақтап тұру үшін осындай қадамға бардық, – деді министр Ұзақбай Қарабалин. 

Бұған дейін Аи-92 мар­калы­ жанармай қорының санау­лы екендігі айтылған болатын. Сондай-ақ сәуір айында баға өсіп, жанармай қоры жетіспеушілік тудыратыны туралы түрлі болжамдардың болғаны рас. Алайда министр: «Қырғызстан мен Ресейде жанармай бағасы өсті екен деп Қазақстандағы жүргізушілердің алаңдауына негіз жоқ. Біздегі 3 зауыттың да жұмысы тұрақты. Төртінші зауыттың салынатын орнын Үкімет таяу күндері жария етеді. Бұдан бөлек ағылшын компанияларымен де мұнай өңдеу кәсіпорнын салу туралы алдын ала келісім бар. Бензин жетіспей қалған күннің өзінде тапшылықты «ҚазМұнайГаз» толтырады», – деді. 

Десек те бұл сенімді мәлімдеме алдағы 3 айға ғана жарамды. Өйткені бірінші жартыжылдық бар болғаны 2 айдан кейін аяқталады. Ол күздік бидай мен жалпы астықты жинау науқанымен тұспа-тұс. Жыл сайын науқан кезінде жанар-жағармайдың қымбаттайтыны дәстүрге айналған. 

Ақниет ОСПАНБАЙ