«АЛҒЫСЫ КӨП СІЗГЕ АЙТАР ХАЛҚЫҢНЫҢ»

«АЛҒЫСЫ КӨП СІЗГЕ АЙТАР ХАЛҚЫҢНЫҢ»

«АЛҒЫСЫ КӨП СІЗГЕ  АЙТАР ХАЛҚЫҢНЫҢ»
ашық дереккөзі

Қазақ халқының тарихында алтын әріппен жазылар біртуар ұлы, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев басқарған жылдары еліміздің ғылымы мен білімі, экономикасы ерекше дамыған жұлдызды кезеңі болды. Дінмұхамед Ахметұлының еліміздің дамуына сіңірген еңбегі мен бойындағы асыл қасиеттер ұрпаққа үлгі-өнеге. 

Наурыз айының 27-сі күні Д.А. Қонаев мұражайы мен Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ұйым­дас­тыруымен аса көрнекті мемле­кет және қоғам қайраткері, ғасыр саң­лағы, академик Д.А. Қо­­­наев­тың қызметін зерттеу­ге ар­налған «Алғысы көп сізге айтар халқыңның» атты «Қонаев оқулары» қалалық студенттік конференциясы өтті.

Бұл конференцияға Алматы қаласындағы ЖОО-ның сту­денттері қатысып, бақ сынады. Д.А. Қо­наевтың өмірі мен қызметі, адемгершілігі, атап айтар болсақ: «Кісілік пен кішілікті тең  ұстаған Қонаев», «Д.А. Қонаевтың нақыл сөздері», «Даналығымен дараланған саяси дипломат», «Д.А. Қонаевтың халық шаруашылығының өрлеуіне қосқан үлесі», «Ұлықтығы мен ұлылығы мәшһүр Қонаев» т.б. тақырыптар бойынша баяндамалар оқылды. 

Қазылар алқасы Абай атын­дағы Қа­зақ ұлттық педаго­ги­ка­лық уни­верситетінің 2-курс  студенті –  Беке­жан Алтын­шаш, Д.А. Қо­наев атын­­да­ғы кө­лік және құ­қық гуманитарлық уни­верси­те­тінің 1-курс студенті Қажы­мұқан Саулет, Алматы Гума­нитарлық  техникалық уни­вер­си­тетінің 1-курс студенті Қай­­ратова Ұлжалғас, Алматы Тех­ноло­гиялық университетінің       2-курс студенті Жүсіпова Назерке,  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2-курс  студенті – Қабдыраш Ақмаралдың  еңбектерін үздік деп тауып, «Үздік баяндама» номинациясымен диплом және сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар конференцияға қатысушыларға да диплом мен сыйлықтар берілді. 

Әділқазылар алқасы мемлекет және қоғам қайраткері, Д.А. Қонаевтың ізбасар-әріптесі К.М. Аухадиев, Медеу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ким Серікбайұлы, М.О. Әуезов мұражайының директоры Диар Қонаев, Д.А. Қонаев мұражайының директоры Т.Ж. Жұманов болды. Конференцияны қазылар алқасының төрағасы, академик Көпжасар Нәрібаев жүргізді. 

«Д.А. Қонаев – тарихи тұлға» тақырыбында Д.А. Қонаевқа арналған ақын-жазушылардың кітап көрмесі және Д.А. Қонаевтың өмірінен сыр шертетін фото­көрме қойылды. Алматы қала­сын­дағы Білім жылына орай ұйым­дастырылып отырған бұл конферен­ция жыл сайын жалғасын таппақ.

Ерік ШАЙМЕРДЕН,

Д.А. Қонаев мұражайының ғылыми қызметкері