Оймақтай ой: Салафилер дегеніміз кім?

Оймақтай ой: Салафилер дегеніміз кім?

Оймақтай ой: Салафилер дегеніміз кім?
ашық дереккөзі

Досай Кенжетай

“…Неосалафилер
өздерінің құрал екендіктерін сезінген кезде нағыз қазақ болып шығады
әлі….” деген ойымды біраз тарата отырайын. Олар уахабистер. Ал уахабизм
Батыс жаулаушыларының ойлап тапқан исламдағы “лютерандық жіктері”.
Мен бұл жерде терең теологиялық ойлар емес, уахабизмнің қалай ислам әлеміне
“шайналып жұттырылғандығын” қысқаша айтпақшымын. Себебі Батыс бұл
торды сонау он алтыншы ғасырлардан бастап, жүйелі түрде зерттеп, дамыта
бастады. 1517 жылы Мартин Лютердің Виттенберг шіркеуінің маңдайшасына тоқсан
бес баптан тұратын өзінің тезистерін асып кеткені туралы білесіздер. Лютердің
күресі Папа мен Түріктерге қарсы бағытталды. Лютер папа мен түрік екеуін
“тажалдың” рухы мен тәні ретінде танытты. Папа құдайдың қаһарын христиан
дінін бұрмалау арқылы, ал түріктер құдайдың жазасы ретінде бағалаған
“Түріктердің соғысы туралы” еңбегін жазды. Осы әрекеті арқылы ислам
халифатына Батыс болып түрегеліп, бірігуге ықпал етті. Алғашқыда Ватикан
Лютерді жазғырғанымен, оның осы ерен еңбегіне бас иіп, кейіннен ислам әлемін
бөлшектеудің озық үлгісі ретінде қабылдады. Оның лютерандықтың революциялық
рухын алып, ислам халифатының тізгінін ұстаған Османлыға қарай ойысты. Сол
мақсатта сырттан Батыс, іштен,”ислам лютерандығының” уахабизм
топырағы суарыла бастады. Арадан үш ғасыр өткенде бұл мақсат жүзеге асты. Әлі
күнге жалғасып келеді. Бұл ойынды әрі қарай Батыс пен Шығыс сұхбатында исламды
эпистемиологиялық мешеулікте қалдырудың таптырылмас тұғыры ретінде дамытып
келеді. Бұған ислам әлемінде қаншама революциялық рухтағы Маудидилер
дайындалды. Мақсат ислам тұтастығын іштен сырттан қатар әлсірету. Бұл ойынды
Ресей де қолданды. Кешегі Кеңестік режим де қолданды. Себебі ориенталистика
Шығысқа бағытталған тек құрал болып қала береді. Ал бізде әлі сана жоқ.
Университеттерімізде әлі күнге “шығыстанушылар” мамандық ретінде
дайындалып келеді. Кешегі сана бүгінге жауап бермесе де оның аты мен заты
сіресіп тұр, мызғымай. Сонымен уахабизм яғни исламдағы лютерандық тұғырдың сойылын
соғып жүргендер кімдерге құрал болып келе жатқандығын сезінетін кез келе жатыр.
Саудия оның ішінде “Мекке Мукаррама” бүкіл ислам әлемінің рухани
орталығы. Сол орталықты уахабизм арқылы ислам әлемінен изоляциялап, керісінше
сол орталыққа құндылық ретінде емес, тек қажылық парыз орындау жеріне
айналдырды….