Ресей ақылынан алжаса ма?

Ресей ақылынан алжаса ма?

Ресей ақылынан алжаса ма?
ашық дереккөзі

Бүгін Қазақстандағы Ресей елшісі Михаил Бочарников Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Себебі, Ресейдің құрамындағы Хакасия Республикасының Жоғарғы кеңесінің төрағасы Штыгашевтің бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәлімдемесі себеп болған. Ол “Ресейдің өзге де посткеңестік елдерге территориялық дауы бар. Мәселен Қазақстандағы Шығыс облыстар” деген мәлімдеме таратты деп ақпарат құралдары жазып жіберген болатын. Алайда Штыгашев өз сөзінен өзі бас тартып отыр.  Дегенмен, бір емес, екі емес мұндай бассыз мәлімдемелерін төпелетіп отырған көрші елдің саяси ұстанымы біз үшін түсініксіз боп барады. Сол себепті де, Сыртқы істер министрлігі олардың көзқарасын білгісі келеді. 

ГОРБАЧЕВ СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕ МЕ? 


ef84e4e74155fe736885bb627e5e2ccf.jpg

Ресейдің империялық амбициясы шектен шығып барады. Енді
олар осыдан ширек ғасыр бұрын келмеске кеткен Советтер одағын қалпына келтіруді
мақсат ете бастапты. Қалай дейсіз ғой, осыдан 25 жыл бұрын Белобежье орманында
болған келіссөзді қайта қарап, Горбачевті одақты таратып жібергені үшін сотқа
тартпақ. Сөйтіп, КСРО-ның тарауын заңсыз деп тауып, бүгінде өз алдына жеке
мемлекет атанған 15 елдің тәуелсіздігін мойындамайтындығын мәлімдемек. Бұл дегеніңіз
Путин билігі ойлап тапқан ең қауіпті синдром. Бүгінде шовинистік пиғылы
асқынған Ресейдің қанталаған көзі бүгінгі аумағын көзге ілмейтін секілді, олар
бүкіл посткеңестік мемлекеттерді өзіне қаратпай тынбайды-ау, шамасы. Путиннің
көксегені не? Бүкіл әлемнің өзіне қарсы болып отырғанын елер де емес. Бәлкім
бүгінгі өзіндегі субъектілерін көп көріп отырған жоқ па екен?! Мұндай қарқынмен
кете берсе, өз құрамындағы одақтас респрубликалары да біртіндеп өз құқықтарын
көлденең тарта бастамасына кім кепіл?!  

 «Известия»
газетінің жазуы бойынша, Ресей Мемлекеттік Думасының бір топ депутаты Ресей
Баспрокуратурасына Советтер одағы құлаған сәттегі жағдайға прокурорлық тексеру
жүргізуді талап ететін құжат дайындаған.  Халық қалаулылары совет азаматтары өткізген
референдум бойынша, олар одақтың сақталуын қолдап дауыс берген еді. Алайда
партия басшылары одақтың күйреуін жылдамдатты, сөйтіп заңсыз әрекет етті» деген
пікірде. Мемлекеттік Думаның «Единая Россия», КПРФ және ЛДРП партияларының
өкілдері бар депутаттары КСРО-ның соңғы жетекшісі Михаил Горбачевті одақты
заңсыз таратқаны үшін айыптап, оның үстінен қылмыстық іс қозғау керек деп
ойлайды. Ресейдің Бас прокуроры Юрий Чайканы КСРО-ны заңсыз таратқан «советтік
сепаратистерді»  жауапқа тартуға шақырды.
Мемлекеттік Дума депутаты Евгений Федоров «КСРО-ның құлауы соңғы 23 жыл бойына
өзекті болып келді. Украина оқиғасының аясында бұл тақырыпты көтеру қажеттілігі
туындап отыр. Бүгінгі билік институтын бағалау үшін 1991 жылғы оқиғаға толық баға беріліп,  нақты заңды талдауы керек» деген ойда.

Горбачевтің КСРО Конституциясы бойынша қарастырылмаған
КСРО Мемлекеттік кеңесін мемлекеттік билік органы ретінде  құруы қате болды дейді олар. Осы Мемлекеттік
кеңес Балтық жағалауы елдерінің тәуелсіздігін мойындаған болатын. Бұл шешімді
Мемлекеттік кеңес секілді заңсыз орган емес, биліктің заңды органдары қабылдауы
тиіс. Мемлекеттік Дума депутаты Михаил Дегтярев 20 жылдан астам уақыт бұрын
болған оқиғаға бірінші рет тарихи баға беру қажет деп есептейді.

Олардың ойынша, бұндай қылмыстардың уақыты өтпейді. Ал Горбачевті
қылмысқа тартуға ештеңе кедергі болмайды.  Горбачев бүгінгі таңда Германияда тұрады. Біз
Ресейдің және оның бүгінгі билігінің КСРО-ның құлауына қатты өкінетіндігін ол
үшін осыған кінәлі адамдардың басына кінәні үйіп-төгіп келгендігі жайында
бірнеше рет жазған едік.

Бүгінде көзі қанталаған Ресей билігі айналасына аюдай
ақырып, жалын шаша бастады. Ал оның 15 республикасының халқын сатуға пейіл,
қуыршақ басшылары да Владимир Путиннің саяси курсын қолдайтындығын және Шығыс
Қазақстан облысын да бөлшектеу қажеттігін сөз етіп, арандату пиғылдағы
мәлімдемелерін жасай бастады. Хакасия Республикасының Жоғарғы кеңесінің
төрағасы Штыгашев Путиннің саяси курсын қолдай отырып, Ресейдің бұрынғы КСРО
елдерінің территориясына тарихи құқы барын айтады. Соның ішінде Қазақстанның
шығыс облыстарын атау керек деген ол. Міне, бүгінгі Ресейдің көмекейінің
бүлкілі. Бұның барлығы өздерінің шынайы, түпкі ойлары емес, Путиннің айтақтауы.
Сөйтіп олардың барлығы Путиннің қолындағы бишігіне айналуда. 

М. Горбачев: Мемлекеттік Думаны тарату керек


Горбачев Ресей депутаттарының оны КСРО-ны
құлатқаны үшін соттау керек деген мәлімдемесіне жауап берді.

Оның
ойынша, Ресейдің Мемлекеттік Думасын тарату керек. Және оның айтуынша, КСРО-ны тарату туралы хаттамаға  сол кездегі КСРО Парламенті қол қойған болатын.  Бұл жайында ВВС-дің орыс
қызметі мәлімдеп отыр.

98275247ab14b8136133351321307180.jpg

Әрине, күн өткен сайын неше
түрлі шовинистік пиғылдағы заңдарды ойлап табатын Ресейдің Мемлекеттік Думасы
демократиялық институт емес, атқарушы биліктің сойылын соғар шовинистік
құрылымға айналып барады. Мемлекеттік Дума құрамына шет мемлекеттердің
субъектілерін қосып алуды жылдамдату және шетел азаматтарына Ресей азаматтығын
беруді оңайлататын заң жобаларын қабылдап үлгерген болатын. Ендігісі тіптен
шектен шығып отыр