Тағы 3 базар сүріледі
Тағы 3 базар сүріледі
Алып мегаполис – Алматыны қара базардан тазарту шарасы жалғасын тауып келеді. Себебі, тағы да 3 базарды сүру жөнінде шешім шықты. Бұл туралы журналистермен кездесу барысында қала әкімінің орынбасары Болат Сауранбаев мәлімдеді.
«Қалада жалпы алғанда 17 базар толық, ал 11 базар жартылай сүріледі. Алматыда тағы 3 базарды сүру жайлы шешім қабылданды. Қазір 6 базар толығымен сүрілді, екеуі бойынша тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, 2 базар жөнінде материал сотта қаралып жатыр», – деді ол. Оның айтуынша, базар орнында болашақта кең жол мен көлік тұрағы пайда болады. «1 мамырдан бастап Жетісу ауданындағы, 1 маусымда Алатау ауданындағы қызыл желіге шығып кеткен базарларды толық жоямыз. Жұмысты толық қадағалау үшін арнайы штаб құрылатын болады», – деді Болат Сауранбаев.
Д.Дүрмән