Атышулы "Қорғас ісіне" қатысты үкім оқылды

Атышулы "Қорғас ісіне" қатысты үкім оқылды

Атышулы "Қорғас ісіне" қатысты үкім оқылды
ашық дереккөзі

Былтырдан бері өтіп жатқан «Қорғас ісіне»
қатысты сот процесіне соңғы нүкте қойылды.
Қаржы полициясы бұл іске қатысты қылмыстық топтың астыртын әрекеттерін 2011
жылы әшкерелеген болатын. Лауазымды тұлғалардан құралған ұйымдасқан топ 5 жыл
бой Қазақстан-Қытай шекарасында заңсыз тауар тасымалдап келген. Қоғамды дүрліктірген айтулы оқиға талайдың
көкейіне ой салса да, бұдан сабақ алып жатқан лауазымды тұлғалар мен
шенеуніктер көрінбейді. Одан бері қаншама мемлекеттік қызметкер жемқорлықпен
қолын былғап үлгерді.

Әлқисса…
Сонымен 45 адамнан тұратын қылмыстық істің шешімі қандай?  Айыпталушылар – Ұлттық қауіпсіздік және
Кедендік бақылау комитетінің лауазымды тұлғалары. Оларға “жалған компания
құрып, заңсыз жолмен тауар тасыды” деген айып тағылды. Тергеу амалдарынан
кейін сот ісі 2013 жылдың 20 маусымынан басталды. Оған 4 прокурор, 35 адвокат
қатысты.
Бұған дейін
барлығы 162 сот отырысы өтті.

«Қорға ісіндегі» негізгі
айыпталушылардың бірі Талғат Қайырбаевқа қылмыстық істі ұйымдастырды,
экономикалық контрабанда, ақшаны қылмыстық жолмен заңдастырды, пара алуға жол
берді деген айыптар тағылып, ол 16 жылға бас бостандығынан айрылып, сот
дүние-мүлкін тәркілеуге қоса үкім кесті және Қайырбаев жазасын қатаң мерзімдегі
колонияда өтейтін болды. Сондай-ақ оған бостандыққа шыққаннан кейін де үш жылға
дейін кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынды.

Ал қылмысқа қатысы бар тағы бір
тұлға – Бақыт Отарбаев 13 жылға бас бостандығынан айрылды. Отарбаевтың да
дүние-мүлкі тәркіленіп, оған да 3 жылға дейін кәсіпкерлікпен айналысуына тыйым
салынды. Жоғары лауазымды тұлға Талғат Жақаев пен Ерлан Әбдрахмановқа сот 17
жылдық мерзімде қатаң режимді колонияда жазасын өтеуді кесті. Оларға да жазасын
өтеп шыққаннан кейін 3 жылдық межеде мемлекеттік қызметке араласуына болмайды. Сондай-ақ,
Талғат Жақаевтан полковник шені, Әбдрахмановтан подполковник шені алынды. 16
жылға бас бостандығынан айрылған Бақытбек Құрманғалиев да полковник шенінен
айрылып, 5 жылға дейін мемлекеттік қызметпен айналыса алмайды.

Ал Алматы облыстық Кеден
қызметінің экс-басшысы Құрманбек Артықбаевты да қатаң жаза күтіп тұр екен. Сот
оған қаржылық қылмысқа араласып экономикалық сыйбайлас жемқорлыққа қатысы бар
болғаны үшін 14 жылға үкім кесіп, Артықбаевтың да полковник шені алынып,
кедендік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынып, мемлекеттік қызметтен 5 жылға
аластатылды. Оның да дүние-мүлкін тәркілеу туралы шешім қабылданды. Атышулы
іске қатысы бар деген басқа да тұлғаларға прокурорлап 12 жыл беруді талап етсе
де, сот 5-10 жыл берді. 

Динара Дүрмән