Этот вопрос больше повторять не будем...

Этот вопрос больше повторять не будем...

Этот вопрос больше повторять не будем...
ашық дереккөзі

 

Енді сұрамаңдар дегені ме?

Қашағандағы өндірістің екі аптаға созылып,
құбырдың жарамсыздығынан қайта тоқтатылғаны белгілі. Өзі бірнеше жыл бойы
әне-міне деп әрең қолданысқа беріліп, әлемдегі алып кеніштен мұнай алына
бастағанда жұмысын қайта тоқтатты. Қашаған кенішінен мұнай өндіруге қатысқан
компаниялардың да әлемдік көшбасшылар екені анық. Олай болса, барлығы жабылып
бір Қашағанды іске қоса алмауының сан қилы сауал тудыратыны орынды.

Ендеше неге сұрамасқа?

 –  2014
жылы Қашаған мұнай өндірудің коммерциялық сатысына шыға алмайды, – деді ҚР
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев. Қашаған кен орнының
биылғы коммерциялық көлемі 2,4 миллион тоннаны құрап отыр. “Биыл бұл
көлемге шыға алмау қаупі бар. Осыған орай, біз Қазақстандағы ірі компаниялармен
келіссөздер жүргізіліп, басқа кен орындарының есебінен мұнай экспортын 1,5
миллион тоннадан төмен түсірмеуге тырысамыз”, – деді бүгін Орталық
коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Е.Досаев.

17 сәуірде Үкіметте Қашаған жобасына қатысушы
компания басшыларымен кездесу өтеді. Олар – ҚазМұнайГАз, Eni, ExxonMobil, Royal
Dutch Shell, Total және Inpex биыл атқарылатын шаралар бойынша нақты жоспарды
ұсынуы тиіс. Ол компаниялардың ішінде бар. Сондай-ақ Қашаған жобасының 8,33
пайызын қытайлық CNPC сатып алған.

Министр жер қойнауын
пайдаланушылар емес, журналистердің бұл мәселені қазбалай беруін жаратпады. “По этому эти вопросы связаны ….Я бы хотел чтобы бы
этот вопрос один раз задали и этот вопрос мы больше повторят не будем с
вами”…. деді қатаң түрде.