«ӨЗІМ ДЕГЕНДЕ ӨГІЗ ҚАРА КҮШІМ БАР»

«ӨЗІМ ДЕГЕНДЕ ӨГІЗ ҚАРА КҮШІМ БАР»

«ӨЗІМ ДЕГЕНДЕ ӨГІЗ ҚАРА КҮШІМ БАР»
ашық дереккөзі

Өткен аптада Астанада «Қазақмыс» компаниясының мұрындық болуымен «Қазақстандық өнім жасаймыз!» атты форум өтті. Бұл басқосу осымен бесінші рет ұйымдастырылып отыр. «Қазақмыс» компаниясының басқарма төрағасы Эдуард Огайдың «Бұл форумды енді жыл сайын өтетін дәстүрлі шара деуге болады» деп атап көрсеткеніндей, жылдан жылға форум жұмысына қатысушы делегаттар саны артып келе жатқаны байқалады. Биылғы жиынға 500 жүз делегат келіпті. Оның ішінде, отандық кәсіпорындар басшылары, мемлекеттік органдар мен даму институттарының өкілдері бар. 

Эдуард Огай мырза қазақстандық үлесті көбейту жөнінде шешім Елбасының тапсырмасы бойынша қабылданғанын баса айтты. Соңғы бес жылда компания отандық компаниялардан 560 миллиард теңгенің тауарлары мен қызметтерін сатып алған. 

Осы уақыт ішінде құрылған кор­­порацияның мұқтаждықтарын қам­тамасыз ететін шағын кәсіп­орын өкілдері форум аясында ұйымдастырылған көрмеге арнайы келіп қатысып, өз өнімдерімен таныс­тырды. Олардың басым көп­ші­лігінің құрылғанына он-он бес жыл болған, кейбірінде жиырма-отыз ғана адам жұмыс істейді. Ондай кәсіпорындардың ішінде электр құ­рыл­ғыларын шығару, машина жасау, құрылыс, жеңіл және тамақ өнеркәсібі саласының кәсіпорындары да бар. Алдағы уақытта компания химия, машина жасау, қызмет көрсету сияқты он шақты салада қазақстандық өндірісті қолдауды көздеп отыр.

Оларға компания қазіргі кезінде құ­рал-жабдық алу, өндіріс көлемін арттыру, қаражат бөлу т.б. көмек көрсетіп, ая­ғынан тұрып кетуіне жағдай жасаған. Соның арқасында белгілі бір салаларда қазақстандық өнім шығарушы кәсіпорындар біртіндеп бой көтеріп, өсіп-өніп келеді. Бұған қоса, өндірісті аймақта жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті кадрлар қатары көбейе бас­тады.

Компания тарапынан қазіргі таңда моно­­қалаларды дамыту туралы арнайы бағдарлама бойынша да біраз жұмыстар атқарылған. Ең әуелі, бұл Жезқазған өңірі мен Балқаш қаласына қатысты. Моноқалаларда Кәсіпкерлер мен өнеркәсіпшілердің қауымдастығы және одағы құрылды. Осы ұйымдармен былтыр 22 миллиард теңгеге келісім-шарт жасалған. Бұл қалаларда жалпы саны 204 жаңа жұмыс орны ашылғаны жақсы нышан. Форум аясында мысал ретінде «Баян», «Балқашсүт», «Жезқазғансүт» кәсіпорындарына өнідірісті жандандыру үшін қажетті қаржы бөлінгені айтылды. 

Компания алдағы бес жылда тау-кен саласындағы өндіріс көлемін 40 пайызға арттыруды көздеп отыр. Компания басқарма төрағасы Эдуард Огайдың айтуынша, биыл компания 3 миллиард доллар пайда табуды межелеп отыр. 

Сонымен, қатар, былтыр «Қа­зақ­мыс» белорустық «БелАз» зауытымен келісім-шарт жасасып, Қарағанды құю-машина жасау зауытының негізінде «ҚазБелаз» атты бірлескен кәсіпорын құрған. «Қазақмыс» бұл жобаға 10 миллиард теңге инвестиция құйды, жалпы үлесі 51 пайыз. Бұған қоса «МысШина» зауытының ашылуы да соңғы жылдардағы жағымды жаңалық болды. Былтыр зауытта 889 шина жөнделген. Биылғы өндіріс көлемі 956 шина деп межеленген. Корпорация бұл зауытқа 1 миллиард теңге инвестиция салды. 

Бесінші форум барысында үздік серіктес компаниялар арнайы дипломдармен және жүлделермен марапатталды. Олардың ішінде «ADM Machinery & Service», «Ютария ltd», «Kazpromavtomatika», «Allies Industrial», «LED Solution», «Қарағанды агрегат зауыты», «Қарағанды аяқ киім фабрикасы», «Қазполимер», «Қазтехфильтр» кәсіпорындары бар. 

Гүлбиғаш ОМАР

Астана