ЗЕЙНЕТАҚЫМЫЗ НЕГЕ ТӨМЕН?

ЗЕЙНЕТАҚЫМЫЗ НЕГЕ ТӨМЕН?

ЗЕЙНЕТАҚЫМЫЗ НЕГЕ ТӨМЕН?
ашық дереккөзі

Зейнеткер жасында болсам да, «Түркістан» газетінің тұрақты оқырманымын. 12 айға тұрақты жазыламын. Газетте қоғамдық өмірдің барлық саласы, тіл туралы, тарих, экономика, әлеуметтік мәселе, дін, т.б. мәнді де мағыналы мақалалар жарияланып тұрады. Осы тұста өзімді мазалаған мәселе жөнінде айта кетсем деймін. 

Бізді 1948, 1949, 1950 жылғы туылған адамдардың зейнетақысы туралы ойлантып жүр. Солардың алды 30-40 жыл жұмыс істеді. Әсіресе ауыл шаруашылығында жоспарды орындаймыз деп сағатпен санаспай еңбек еттік. Нәтижесінде 300-400 сомға дейін еңбекақы алып жүрдік. Өзім Атырау облысының «Тайсойған» полигонында 17 жыл трактор жүргізушісі болдым. Ауыл тарап, халық жұмыссыз қалды. Ел қалаға үдере көшті. Жасымыз 50-ге келген бізді ешкім жұмысқа алмады. Құдай қолдап, егеменді ел атандық. Бөркімізді аспанға лақтырып, өз қолымыз өз аузымызға жетті деп қуандық. Баспасөз арқылы Қазақстанда ақша қоры жетерлік екендігінен таныспыз. Өкініштісі сол, зейнетақыны есептегенде көп жылғы еңбек өтілім қосылмапты. Сәуір айында көбейгенмен, 2014 жылы небәрі 33 мың 372 теңге зейнетақы аламыз. Ал азық-түлік, газ, су электр бағасы ай сайын өсуде. Бірақ теледидар мен газетте орташа зейнетақы мөлшері 46 мың теңгеге жетті деп айтуда. Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында зейнетақы жөнінде ештеңе айтылмаған. Неге? Ауыр жұмыс істегендіктен, денсаулығымыз нашар. Емделейік десек, зейнетақымыз дәріге де жетпейді. Сондықтан Атырау қаласы, Бірлік елді мекенінен бір топ зейнеткер «Түркістан» газеті арқылы жағдайымызды жазып отырмыз. 

Рақымжан Қайыржан, 

«Тайсойған» полигонының трактор жүргізушісі

Мұхтар Шекатасов, трактор жүргізушісі

Амангелді Асанов, трактор жүргізушісі

Амантұрұлы Избасаров, пошта меңгерушісі

Мырзабай Қазиев, шопан 

Қаншайым Сүгралиева, кассир

Ұлмекен Құмарғалиева, мейірбике

Мария Ишанова, құрылысшы 

Рая Асанғалиева, кадр бөлімі

Асқар Асанғалиев, зоотехник

Амантай Серіков, мал дәрігері

Нәзия Тойлыбай, есепші 

Бағытжан Қапашев, құрылысшы 

Батима Айтбаева, тігінші.