Путин: "Ешкім ешкімді қыспаққа алған жоқ"

Путин: "Ешкім ешкімді қыспаққа алған жоқ"

Путин: "Ешкім ешкімді қыспаққа алған жоқ"
ашық дереккөзі

Кеше яғни сәуірдің 17 күні Ресей мемлекетінің президенті Владимир
Путин  2001 жылдан бастап дәстүрге айналған
жыл сайынғы тікелей эфир  арқылы  өтілетін баспасөз-мәслихатын  өткізді. 3 сағат 54 минутқа созылған бұл  сұхбаттың ұйымдастырылу себебі негізінен  Қырымдағы жағдайға байланысты болып отыр.
Конференция барысында соңғы кезде өзекті болып жүрген Ресейдің халықаралық аренадағы
шиеленістері және өзінің ішкі мәселелеріне байланысты 85 сұраққа жауап алынды
деп  мәлімдейді rbc.ru сайты.

Онлайн сұхбат  «Украинадағы
жағдайға Ресей әскерінің қатысы болды  ма?»
деген сауалдан бастау алды. Бұған Ресей президенті:

Бұл жалған ақпарат.
Украинаның шығысында ешқандайда Ресей әскерлері немесе арнайы қызметкерлер болған
жоқ. Бұлардың бәрі өзінің тұрғындары,

деп жауап берді.

Қырымдағы жағдай туралы:

Біздің
әу баста  ол жерге әскери күшпен әрекет
ету мақсатымыз  болған жоқ, біздің
міндетіміз сол жердегі халықтың қауіпсіздігі әрі  олардың ерік білдіруінде болды,
деп мәлімдеді Ресей президенті.

Осы жөнінде
саясаткер Расул Жұмалы:

Жарты ғасыр бұрын Хрушев және оның жақтастары
Кубадағы КСРО-ның ядролық  ракеталары бар
екенін БҰҰ алдында жоққа шығарды. Тап қазір де солай Путин және Чуркин Украина
шекарасында болған 30 мың Ресей әскерін жоққа шығарып отыр,

Сонымен қатар  Ресей президентінің Украинға қатысты берген
жауабын Азаттық радиосы былай жазыпты:

Украиндықтардың өздері келісімге келуі
керек. Ол келісім Украинаның шығысындағы “орыстілді азаматтардың құқықтарының
сақталуына кепілдік беретіндей етіп жасалуы тиіс екенін айтып, дағдарыстың
дипломатиялық жолмен шешілетінінен үмітті”,
екенін білдірді.

Ресей президенті Американың әлемде өз билігін жүргізуді
мақсат етуі жайлы:

Меніңше әлемдегі
бір блогтық жүйенің қазір маңызы болмай қалған сияқты,

Жалпы баспасөз-мәслихаты
барысында түрлі масштабтағы сауалдар қойылды. 
Оның ішінде Ресейдің ішкі әлеуетіне, әлеуметтік проблемаларға  байланысты, 
Ресей мен Украинаның бірлігі жайлы,  жеке өміріне байланысты әртүрлі сұрақтар қойылды.  Осы жылғы ұйымдастырылып отырылған баспасөз-мәслихаты
 былтырғыға қарағанда 1 сағат 35 минутқа
аз болды.

Нұрлан Асқарұлы

Сүлейман Демирель Университетінің журналистика

кафедрасының 2 курс студенті