ТІЛ ЖАНАШЫРЫНЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫ БІТЕР ЕМЕС

ТІЛ ЖАНАШЫРЫНЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫ БІТЕР ЕМЕС

ТІЛ ЖАНАШЫРЫНЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫ БІТЕР ЕМЕС
ашық дереккөзі

 

«Түркістан»
газетінің тұрақты оқырманы, авторы, тіл жанашыры деген атқа лайық жан
Павлодар қаласында тұрады. Үнемі қазақ тілінің мәселесіне күйініп
жүретін Руза Бейсенбайтегі бұл істе ешқашан аянып қалған емес. Ол бұдан
бұрын қазақ тіліне мұрын шүйіре қарап, аты-жөнін бұрмалаған «Павлодар
лифт» ЖШС-ін де сотқа беріп, жеңіске жетіп, тілге деген нағыз
жанашырлығын көрсеткен. Бұдан соң «Павлодар лифт» бұрынғыдай орыс
тілінде ғана емес, қазақ тілінде де қызмет көрсететін болған. Тіл
жанашыры өткенде «Цесна банкті» де сотқа берді. Астана қаласының
Сарыарқа аудандық сотында оның банкке қарсы шағымы қаралып, жеңіске
жетті. Руза Бейсенбайтегі «Цесна» банктің жергілікті бөлімшесінен салық
төленгенін растайтын түбір­тек­ті алғанда аты-жөнінің қате жа­зылғанын
аңғарады. Түбіртекте тұты­нушының тегі мен хат мәтінінде қазақ
әріптерінің орнына түрлі тыныс белгілері түсіп кеткен. Содан тіл
жанашыры дереу кемшілікті түзеу керектігін айтып, банк қыз­мет­керлеріне
шағымданады. Бірақ банк қазақ әріптерін оқитын бағдар­ламалардың
жоқтығын желеу етіп, тұтынушының талап-тілегіне немкетті қарайды. Бұдан
соң Руза Бейсенбайтегі сотқа жүгінуге мәжбүр болған. Сөйтіп, Астананың
Сарыарқа аудандық сотында судья Ләззат Баян: «Сот «Цесна Банк» АҚ
бағдарламаларын Қазақстан Республикасының заңнамалық нор­маларына
сәйкестендіруді мін­дет­тейді. Республикалық БАҚ арқылы Бей­сенбайтегі
Руза Зәйкенқызынан ке­шірім сұралсын. Моральдық залал келтіргені үшін
«Цесна Банктен» 50 мың теңге өндірілсін. Сот шығыны ретінде 2597 теңге
қай­тарылсын және жол шығын ретінде 4 мың теңге өндірілсін», – деді. 

Ал жақында ғана үйінің жа­нын­дағы «Моя
семья» атты дүкенінен нан сатып алмақшы болған Руза Бейсен­байтегіге
сатушы: «Говорите на нормальном русском языке» депті. Бұған: «До каких
по будете считать казахский на ее же родине ненор­мальным» деп жауап
берсе, дүкендегі басқа бір азамат: «На каком оснований с русской
девушкой говорите на непонятном языке?» деп дүрсе қойған. Бұл жөнінде
тіл жанашырының өз аузынан естісек. «Сатушы: «Если не хотите говорить на
русском, почему в русскую одежду одеты? Езжайте тогда со своим
казахским пасти своих баран назад в свои юрты, освободите нас от себя», –
дегенде: «Осы сөздеріңіз үшін прокуратураға шағымданамын» дедім
жыларман болып. Сонда да әлгі дүкендегі еуропапішіндес азамат: «Вот на
Украине из-за украинского Крым отобрали, там тоже захотели на своем
разговаривать! Везде, все должны говорить по русский», – деді. Мұны
қоштаған сатушы әйел: «Сказано тебе, чтобы уходила назад в свои юрты, и
здесь чтобы не появлялась со своим казахским, скоро здесь Россия будет,
мы все будем россияне» дегені сол еді, полиция шақырдым. Дүкенге қайта
кірсем, « …скоро здесь Россия будет» деген сатушының, дүкендегі бір
адамды өтірік куәгерліке алып, «она меня ударила по щеке, и вообще у
меня сейчас истерика случится, уберите ее» деп долдана жылағанда, сөз
таба алмай қалдым. Полицей жастарға: «Камераларын тексеріңіздерші,
болмаса судмедэкспертизаға жіберіңіздер», – деп өтіндім. 

Ең масқарасы, куәгерлерім бола тұра, полиция мені
соттамақшы. Бірақ не де болса, полиция алдымен мемлекет мүддесіне жұмыс
іс­теуі керек қой. Мұнда керісінше болып тұр!». 

Дәл
осылай ашынған Руза Бей­сен­байтегі Елбасының, Пре­мьер-министрдің,
Ішкі істер ми­нис­­трінің, Тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігі
басшысына, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияға,
бір топ депутаттардың атына ашық хат жазды. «Құрметті Елбасы, сіздің
орыстілділерге еш кемсітушілік болмасын дейтін пікіріңізді олар: қазақ
тіліне жол жоқ, ол ғайыптан 2020 жылы немесе 2025 жылы жүзеге асуы
мүмкін, ал қазір бүкіл қарым-қатынас тек орыс тілінде құрылуы керек деп
ұғынады. Нәтижесінде қоғамда қазақ тілін қабылдамаушылық қалыптасты. Осы
айтылғандарды қала көшелерін аралап, әртүрлі мекемелерге кіріп, қазақша
сұраныс жасаған әр адам анық байқайды. Сондықтан керісінше, ҚАЗАҚ
ТІЛІНЕ, қазақ тілділерге АРАША! Қазақ қызы ретінде, мемлекет тіліне
қажеттілік тудыру үшін, өз елімде қазақша сөйлеу міндетім деп
есептеймін. Сондықтан, қазақ елінің орыстілді қаласында, қоршаған
ортаммен қатынасымды барынша қазақша құрып, соным үшін көрінген жерден
қуылып, жанкештілік өмір сү­ріп жатырмын…», – дейді. 

Тіл жанашырының жанкешті ең­бегін бағалау керек. Бұл баршамыздың қасиетті борышымыз. 


Динара Дүрмән