Жаңалықтар

Құрметті Шәмшидин Әшенқожаұлы!

ашық дереккөзі

Құрметті Шәмшидин Әшенқожаұлы!

Сіздерді «Түркістан» халықаралық саяси апталығының мерейлі 20 жылдық белесімен құттықтаймын! 

Ел тәуелсіздігінің алғашқы елең-алаң шағында жарық көрген «Түркістан» – қазақ газеттерінің қатарын көбейтіп, ұлттық баспасөзге жаңа сапа, соны серпін әкелген басылым. 

Алғашқы бас редакторы, көрнекті қаламгер Қалтай Мұхамеджанов ағамыз басшылық еткен газет тәуелсіздік тарихының жаңа парақтарын ашқан Қазақ елінің іргесін бекітіп, ынтымағын арттыруға белсене қызмет етті. Халықаралық тақырыптарға қалам тербеген ұлттық басылым саяси-сараптамалық мақалаларымен, танымдық материалдарымен оқырманның қауымның көкірек-көзін ашып, көкжиегін кеңейтті. 

Басылым әрдайым елдік бірлік, ұлттық мүдде таразыға түсетін өзекті мәселелерді назарда ұстап келеді. Соның арқасында оқырманың сүйікті басылымына айналған «Түркістан» отандық ақпарат кеңістігінде өзіндік сара жолын қалыптастырды. 

Шығармашылық ұжымға алдағы уақытта да шалқар шабыт, тың ізденістер тілеймін! Тойларыңыз тойға ұлассын! 

Қазақстан Республикасы 

Президентінің кеңесшісі –

Баспасөз хатшысы                                                                                                            Даурен Абаев