Жаңалықтар

Еліміздегі тұңғыш жасанды ұрықтандандыру зертханасына - 20 жыл

ашық дереккөзі

Еліміздегі тұңғыш жасанды ұрықтандандыру зертханасына - 20 жыл

Қазақстанда алғаш экстрокорпаральді ұрықтандыру зертханасының ашылғанына биыл 20 жыл толады. 20 жылдық еңбектің есебі ретінде репродуктолог мамандар  деректі фильм түсірді. Жарты сағаттық фильмді бейнетті жолды бірге өткерген отандық, шетелдік мамандар сол қажырлы еңбектің нәтижесін құшақтарына қысып келген бақытты ата-аналармен бірге тамашалады. Медицинаның ең жарқын жетістігі – жасанды ұрықтандыру арқылы сәби сүю десек қателеспейміз. Өйткені бұл әдіс талай отбасыға қуаныш сыйлап, талай ата-анаға бақытқа кенелтіп үлгерді. Осы орайда, қазақстандық талай шаңырақты сәби күлкісіне кенелткен эмбриолог Салтанат Байқошқарованың еңбегін айрықша атап өткен жөн. Осыдан 20 жыл бұрын елімізде алғаш «жасанды жолмен» салмағы 2,8 келі болатын сәби дүниеге келді. Пробиркада пайда болған тұңғыш қазақстандық бала қазір 19 жаста. Алматыда дүниеге келген Юлия есімді бойжеткен Оксфорд университетінде білім алып жүр. Юлиядан соң араға үш ай салып, 1996 жылы 16 қазанда жасанды ұрықтандыру жолымен елімізде егіз перзенттер дүние есігін ашты. Ал үстіміздегі жылдың сәуір айының 10-жұлдызында 20 жылдық тарихы бар мекемеде 10 мыңыншы нәресте өмірге келді. Жалпы статистикаға сәйкес, мұндай тәуекелді жолмен бала сүю бақытына медициналық көмекке жүгінгендердің 30-40 пайызы ғана ие болады екен. «Біздің мемлекетте, әсіресе Астанада елшіліктің, шетелдің адамдары да емделіп жатады. Қазақстанда бұл сала жақсы дамыды. Әрине мамандар аз, лабаратория көп емес, 20 шақтысы бар. Жасанды ұрықтандыруды еліміз бойынша бірінші болып қолға алғаннан кейін бізге қиын болғаны рас. Фильм түсіріп, кітап шығару арқылы жүріп өткен бейнетті жолымызды көпшілікке көрсеткіміз келді», – деді «Экомед» клиникасының негізін қалаушы және жетекшісі Салтанат Байқошқарова. Түтіктен шыққан сәбилерінің тағдырын экраннан көрген аналардың көңілдері босап, көздеріне жас алды.