АҒАЙЫН АРАСЫ АЖЫРАМАСЫН, ҚАНДАСТАРЫМЫЗ ҚАМЫҚПАСЫН!

Торапты ашып қарасаңыз да, газеттерге жарияланып жатқан материалдарды зерделеп оқысаңыз да көшіп келгені бар әлі де көшіп келгісі келетіні бар алыс-жақын шетелдегі қандастарымыз  осы көші-қон үрдісіне, ұлтына жанашыр жандардан, көші-қон үрдісіне байланысты наразылықтары, ұсыныстары күн сайын қарқындап көбеюде.

  Бұның себебі неде, зерделеп сараптап, жолға қоюдың жүйелі жолын табатын нақты иесі кім, көптің көңілінен шығатындай етіп нақты дәйектермен жазылған ұсыныс-пікірлер неге ескерусіз қала береді. Сұрақ көп, жауап жоқ! Бірақта осының бәріне қарап Отанына көшіп келгісі келетіндер де жетіп артылатынын мына соңғы үш жылда келген оралмандар саны айқындап тұрғандай…

Облыс, қалалар 01.01.-31.12.2011
жыл
01.01.-31.12.2011
жыл

01.01.-31.12.2012

жыл

01.01.-01.04.2014

жыл

отбасы

жан саны

отбасы

жан саны

отбасы

жан саны

отбасы

жан саны

  Алматы облысы  

3667      

10761

 

4443     

9559

 

5184     

9579

 

569       

      983

 Ақмола облысы  

508        

1266

 

283       

  537

 

288       

  537

 

33         

        61

 Ақтөбе облысы  

737        

2165

 

549       

1236

 

282       

  513

 

55         

      83

 Атырау облысы  

33         

   384

 

187      

   364

 

181       

  317

 

25         

      35

 Шығыс Қазақстан  

1097    

  2439

 

1364    

2508

 

1017     

1814

 

135       

    228

 Жамбыл облысы  

1713    

5311

 

1544     

4252

 

1164     

2590

 

222       

    403

 Батыс Қазақстан  

99        

   227

 

40         

    93

 

45         

     72

 

6           

      12

 Қарағанды облысы  

338      

 1231

 

431       

1058

 

546       

1173

 
 Қызылорда облысы  

99        

   303

 

62         

 120

 

62         

     85

 
 Қостанай облысы  

567      

1642

 

530       

1311

 

421        

973

 

43       

     68

 Маңғыстау облысы  

2400    

6651

 

2163     

5983

 

1961      

4144

 

268      

   497

 Павлодар облысы  

263     

   806

 

189       

  482

 

135        

  283

 

7           

       7

 Солтүстік Қазақстан  

112     

  312

 

81         

 210

 

47          

     92

 

5           

       5

 Оңтүстік Қазақстан  

3045   

10584

 

2732     

8600

 

3218      

6678

 

467        

  838

 Алматы қаласы  

167     

    362

 

213       

  395

 

173        

228

 

26         

       26

 Астана қаласы  

517     

1317

 

829       

1452

 

1033       

1691

 

195          

273

Қазақ елінде қазақ ұлт өкілдерінің саны еселеп артпаса тағдырымыз бірақ күнде өзгеріп шыға келетінін тарихтан да, әлемде болып жатқан соңғы елеулі өзгерістерден де біліп те, көріп те отырмыз. Бей ресми деректерге сүйенсек шет елде 7 миллионға жуық қазақ бар екені айтылады.  Әрине бар қазақ үдере көшіп келе қояды деп айту артық болар. Десе де, не көрсе де Атамекені Отанында ұрпағы өсіп, Қазақ елінің қамқорлығында алаңсыз өсіп өнгендерін қалайтындарының саны басым екені де белгілі. Оған себептер өте көп. Ең бастысы Отаның ғана өзіңді өзегіңнен теппейтіні.. Ендеше көшке көңіл бөлейік ағайын!!!  Ал соңғы жылдары біріншіден, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Моңғолия елдері өздерінде тұрып жатқан әсіресе білікті мамандар, зиялы қауым өкілдерін шет елдерге топ-тобымен ауыл аймағымен жібере қоюға құлқынсыз. Қарапайым қалық қашанда ауылы болып жұртының зиялыларына сенім артып ақыл, парасатына жүгінетін ескерсек көш тоқырауына осы шет елден келіп елеусіз қала беретін, мамандықтары, біліктіліктері ескерілмейтін зиялы қауымның «ой, олар оралман ғой» деп қоғамда батпандап орын алған жайыттың көлеңкесінде қалып жатқаны…Екіншіден, соңғы жылдары оралмандардың өтінішін, пікір, сөзін тыңдап оларға қамқорлық жасап, мәселесіне оң көзбен қарап шешім қабылдайтын мамандардың, заңға аяқасты енгізіле беретін, этникалық қазақ ұлт өкілдерінің өз Отанына қоныстануы үшін жеңілдетілген түрде тұрақты тіркелулері, азаматтық алу мәселелері шегерілуіне өздеріде таң болып, өзіміз бірдемесіне ұрынып кетпейік деген түсініктері шеңберінде жасаған қызметеріне оралмандардың ортаға тез бейімделіп орналасып кету қажеттілігі қанағаттанбайтыны.. Ал, ұлттына деген шеттен келген қазаққа деген көңіл күйлері ала бөтендері, бейшара қазақтар, «оралмандар оңбағандар» деп қана қоймай, ауызың бармайтын сөздерімен балағаттап  жататын шектен шығып кеткен жайттары да көші-қон үрдісіне кері әсерін тигізуде.. Өкінішке орай соңғы жылдары оралмандардың Атамакеніне келіп оңтайлы орналасып бейімдеулеріне, қамқорлық көрсетіп қоныстары жайлы болуына қол ұшын беретін, есептерін жасап айырмасын анықтап отыратын, қазақтың саны, еңбек күштері, маман сұраныстары, елдің-мемлекеттің қай өңіріне қажеттілігіне қарай көш ағымын басқаратын Көші-қон мемлекеттік мекемесінің өзі біресе анда, біресе мұнда әрбір мекеменің құзырына штаттық кестеге сәйкес көші-қон бөлімі болып өздері көшіп қонып жүр…

Тек әлі де болса Елбасымыз көші-қонды орнына қоятынына сенім артқан оралмандар әліптің артын бағып өзі баға берген Ұлы көштің келешегінен үміттеніп үндемей қала беруде.Үшіншіден, жоғарыдағы оралмандар есебі көштің қарқыны бәсеңдемегенін көрсетеді. «Ауруын жасырған өлер» деген халық сөзіне жүгінсек бұл сандарға сене беру де қисынсыз. Себебі: Соңғы жылдары өздері көшіп-қонып жүрген бөлім мамандары  заңға енгізілген өзгерістерді өздері толыққанды зерделеп сараптап, Елбасының көші-қон саясаты шеңберінде жүзеге асырмайды. Ондай талап қоятын басшылар  да аз дегендей. Бұл да көшке кері әсерін тигізуде!

   Төртіншіден, соңғы кезде кейбір облыстарда Оралман деректі қорына тек 2-3 айға қонаққа келгендер де енгізіле беретін болды. Әуелі Оралман куәлікті қолдарына жазып беріп жібергеннен 2-3 күн кейінде «Оралман деректі қорына» жұмыстан тыс кешкі уақыттарда енгізетін де болды. Бұл дегеніңіз оралманға бір облыстан өмірде бірақ рет берілетін мәртебе енді екі облыстан немесе бір облыстан екі рет берілуіне себеп болғаны. Ұлты қазақ қонақтарды қойып, мына техника заманында Өзбекстаннан бірнеше рет шет елге шығып келу үшін жасатқан төлқұжаттарына ұлтын «қазақ» деп жаздырып келу аса қиындық тудыра да қоймайтыны анық. Ал, мамандар олардан туу туралы куәліктерін талап етпесе, немесе ұлтын өзгерткені туралы алған анықтамасының түпнұсқасын тексермесе олар да қазақ болып «Оралман куәлік» алуға ынтызар. Оларға керегі оралманмын деп біраз уақытқа дейін базарда сауда жасап кетулеріне қажет болса керек. Ал, шет елден қонақ болып келіп Оралман базасына енгізіліп Қазақстанда тұрып жатыр деп есепке кіріп, қайтып кетіп қалғандар бәрі бір ағымды жылда көшіп келіп қоныстанған оралман болып статистикалық есепке енгізіліп жатыр.  Зейнеткер жасындағы апа-аналарының паспорт көшірмелерін алып қалған жандар балаларын тіркеп «Алтын», «Күміс» алқа алғандары бар екенін, шет елден қаншама авто машиналар енгізіліп жатқанын, оралмандар өздері жырғып айтып заңның олқы тұстарын өз кәделеріне пайдалана білгендермен сыбайластыққа барудың жолына түсе беретіні де көшіп келіп тұрақты тұрып азаматтық алғандардан гөрі екі ел арасын шуылдатып қойып көшке кері әсер тигізудің наразылықтар туындатудың негізгі себептерінің бірі.

Философия ғылымының докторы, профессор, Серік Нұрматов ағамыз 24.04.2013 жылғы «Алаш айнасы» газетіне берген сұхбатында:«Бізде оралмандар мәселесімен айналысатын мемлекеттік құрылымдар 20 жыл бойы үнемі ауысумен келеді. Осының салдарынан қағазбастылық пен жауапсыздық пайда болды. Бізге келіп жатқан қазақтар жұмыс істеп, күн көру үшін емес, осы жерде тұрамын деп келетіндер. Сондықтан оларға біз өз көңілімізді аша алмай, мемлекет тарапынан олардың қоныстануына, бейімделуіне қолдау көрсете алмасақ, ол-бізге үлкен сын. Біраз уақыт өткеннен кейін тарих бұл туралы қатты сынап айтуы мүмкін, бұл кешірілмейді. Мәселенің екінші жағы бар, ол – оралмандар мәселесіне үнемі билік қана жауапты болуы керек деп қарамаған дұрыс. Мұндай патерналистік көзқарастан арылған жөн. Әрқашан қандай да бір қамқорлық күтіп отыру-онша жақсы нәрсе емес. «Ой, өзімізге жетпей жатқан да бұлар қай жақтан келе қалды» деген пікір нағыз рухани кембағалдық. Біздің жерімізге бәрі сияды. Қазақстанға кезінде талай адам келген, талай ұлттың өкілі келген. Енді өз қазағымыз келгенде, таршылыққа баруға болмайды. «Анау жерде орын бар, сендер соған барыңдар» деп жібере салуға тағы болмайды. Репатрианттың ондай жерлерге үйлесімді әлеуметтенуі, яғни ортаға сіңісуі, жерсінуі қиын болса, ондай көмектің не қажеті бар?! Сол сияқты елге бір әулет болып келгендерді әр жаққа бытыратып жіберсе, ол да қиын. Қанша дегенмен қарға тамырлы қазақ қой, туыстарымен аралас-құралас тұрмаса, бұл жайтта оның жергілікті халықпен сіңісуіне, осы жердегі қоғам өміріне етене араласып кетуіне кері әсер етеді. Бұл қазақтың бір ерекшелігін жоққа шығарумен бірдей. Міне, оралмандарды орналастыруда осындай факторларды міндетті түрде ескеру қажет. Бұрын басқа елде жап-жақсы маман, оқытушы, дәрігер болған адамдар мына жаққа келіп алып, өз мамандығы бойынша жұмыс істей алмай, далада қалмауы керек»,– дейді.

Қазақта «арманы зор адамның азабы көп болады» деген ұлы сөз бар.

Отаным – Атамекенім  деп алып ұшып келген ағайындардың арманын азапқа салмайық ағайын! Ұлы көш тағдырына «Ұлылық» танытайық!!! Сөз соңында «халықтың көші-қоны туралы» Заңына енгізілуге дайындалып жатқан өзгерістерге бұрындары айтқан, берген ұсыныстарымды қайталамай бір-ақ ұсыныс айтқым келеді: Біз электронды мемлекет құрып жатқан соңғы техника құралдарымен қызмет атқарып жатқан елміз. Сондықтан да тұрақты қоныстану мақсатымен келген оралман қандастарымызды ауыл әкімдерінің өздерінің шаруашылық журналдарына тіркеп ауылына есепке алғаны туралы жазбаша берген келісімдері негізінде олардың тұрақты тіркелуге, Оралман мәртебесін алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығы, Ықтияр хат алуға, Көшіп келу квотасына енгізілуге тапсыратын құжаттар топтамасы олардың келген аудандарындағы «Халыққа қызмет көрсету орталықтарында» қабылданатын болса. Аудандардағы Қызмет көрсету орталықтарына  «Халықтың көші-қоны туралы» Заңы бойынша арнайы дайындық курстан өткен жас мамандар отырса. Ауданда қабылданған құжаттар топтамасы облыстық көші-қон полициясы, облыстық көші-қон басқармаларына келіп сарапталып, зерделенгеннен кейін арнайы бағдарламаларға енгізіліп жүзеге асатын болса оралмандар заңда көрсетілген мерзімдерде тұрақты тіркелгендері, оралман мәртебесін алғандары, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғандары, Ықтиярхат алатындарын, Квота мәселесі бәрінде Қызмет көрсету орталықтарынан уақыты жазылып берілген талондағы мерзімдері бойынша біліп тұрады, және оларға үлкен қамқорлық жеңілдік болады. Бұл мемлекеттің мүддесі үшінде оңтайлы шешім болып көші-қон саласында айтыла беретін сыбайлас-жемқорлыққа нүкте қойылары сөзсіз!      Ал енді келгісі келетін қандастарыма да айтқым келгені, қайда жүрсеңде қазақтың бір ғана Отаны ол Қазақ елі. Қазақ елінің Үкіметі Қазақстанның қай елді мекеніне орналастырамын десе көштен қалмай сонда баруға ұмтылыңыздар. Шақырылған қонақ жайлы орында отыратын қарапайым қағиданы естен шығармау қажет. Ал, өз күшіңіз қаражатыңызбен қалаған елді мекеніңізге келгіңіз келсе өз шешіміңіз бойынша жеделдетіп Қазақстан Республикасының азаматы болып еңбектене беріңіз. Шет елде министр болған болсаңыз да өз Отаныңызда өз бар мүмкіндігіңізбен өмір сүріңіз. Бүгінгі қоғам, өскен орта менталитенті, сіздің шет елдегі еңбек тәжірибеңіз атажұрттың болмысына үйлесуі үшін бері айтсаңыз бір мүшелі жас уақыт кететіні жаратылыстың заңы екен. Ал, ұрпағыңызды бүгіннен қалдырмай Отанына жеткізу ол сіздердің ата-аналық міндет борыштарыңыз. Одан шегінуге жол жоқ. Біздің ата-бабаларымыз да ұрпақ үшін өздерін құрбандыққа шалып кеткендері тарихи шындық! Шетелде зейнетақым бар деп Ықтияр хат алып екі елдің ортасында шапқылай беруде ұрпағыңыз алдында ұлағатты іс емес екенін өздеріңізде білесіздер. Сіздің бөгде елде шалқып жүргеніңізден, балаңыздың өз Отанында ана тілімен сусындап, өз достарымен бірге алған білімі сіздің тағдыр тәлкегіне азғантай түскеніңізден анағұрлым мәнді де мақсатты боларын бұрындар келіп алған біздер ет жүрегімізбен сезінеміз. Бұл өмір шындығы.. Біз білім, біліктілігіміз, мамандығымыз бойынша сіздердің заңды құқықтарыңыз білместіктен бұзылмауына ат салысамыз. Қалау да қадағалау да өз құзырыңызда оралман қандастар! Әр кез ағайынның арасы ажырамасын, қандастарымыз қамықпасын ағайын!

                       Құрметбек САНСЫЗБАЙҰЛЫ,

   саясаттанушы

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button