"Достығымыз жарасқан!"
"Достығымыз жарасқан!"
Мамыр 7-сінде сағат кешкі 19.00-де “Қазақ концерт” залында Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, белгілі әнші Құрманбек Әлімғазы мен “Қазақ концерт” әншісі Бибігүл Қилымханның “Достығымыз жарасқан!” атты концерті өтпек. Концертте патриоттық бағыттағы жаңа әндер шырқалмақ. Фольклорлық-этнографиялық бағыттағы “Әлқисса” ансамблі де осы концерттен табылатын болады. Сондай-ақ, қос әншінің жары Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері Риза Қайыртай мен Сейіт те, Бибігүлдің әкесі Қилымхан да концерттің ажарын айшықтай түсетін болады. Әдемі ән тыңдап, ұлттық бояуы қанық жырларға сусындағыңыз келсе, қапы қалмаңыз, ағайын.
“Түркістан-ақпарат”