Жаңалықтар

АТА САЛТЫМ – ҚАЗЫНАМ

ашық дереккөзі

АТА САЛТЫМ – ҚАЗЫНАМ

 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жыл басында еліміздің имам-молдалары мен дінтанушы-ғалымдары үшін 2014 жыл – «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялады.

Хазреттің мешіт имамдарына жол­даған Үндеуінде дініміз бен дәс­түрімізді жаңғырту жолында бір­қатар мәселелерге баса назар ау­дарылған. Соның бірі тіліміздің қолданыс аясын кеңейтіп, дініміз бен ділімізді жаңғырту болатын. Таяуда Сыр өңіріндегі орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен қаламыздағы №264 мектеп-лицейінде «Асыл дінім – ардағым. Ата салтым – қазынам» атты мектепаралық жас ақындар сайысы өтті.

Жас ақындар жарысын өткізудегі бас­ты мақсат дін мен дәстүріміздің бір-бірінен алыс емес екенін түсін­ді­ріп, дініміз бен дәстүріміздің бір арнада тоғысқанын ұғындыру бола­тын. 

Бұл сайысқа 40-тан аса оқушылар қа­тысып, жүректерінен жарып шық­қан жырларын бәйгеге қосты. Жет­кіншек ақындар бір-бірінен қалмай оза шапты. Оқушылардың әділ бағасын берген қазылардың құрамында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Талғат Ома­ров, Қызылорда облысы Дін істер агент­тігінің басшысы Бақытжан Камалов, ҚР Еңбек сіңірген қай­рат­кері, жыршы Әлмырза Ноғайбаев, рес­публикалық «Егемен Қазақстан» га­зетінің Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі Ержан Байтілес сынды кісілер болды.

Қазыларымызға да жүректері жалынды ақындардың арасынан оза шапқандарды таңдау оңайға соқпаған. Жыр шумақтарымен көзге түсіп, мәнерлеп оқуы жүректерді баурап алған ақындар аз болған жоқ. 

I орынға ие болған (Sam­sung Galaxy Tab 3 планшеті ) №11 қазақ орта мектебінің 8-сынып оқу­шысы Әлижанқызы Перизат, II орынға ие болған (Samsung Galaxy Star ұялы телефоны) №211 қазақ орта мектебінің 11-сынып оқушысы Совет Төрехан, III орынға ие болған Алмас Ұлжанның өнерге деген талабы әркімнің жүрегін жаулап алғаны сөзсіз.

Индира Байсалбекова