«ТҮРКІСТАН» ГАЗЕТІ РЕДАКЦИЯСЫНЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ ШӘМШИДИН ӘШЕНҚОЖАҰЛЫ! ҚҰРМЕТТІ РЕДАКЦИЯ ҰЖЫМЫ!

Сіздерді «Түркістан» газетінің 20 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақтың баспасөз саласында өзіндік үні бар «Түркістан» газеті ел тәуелсіздігімен қатар дамып, қоғамның ұлттық мәселелерін жазып келе жатқан беделді басылымдардың бірі.

«Түркістан» газетінің тарихы қазақтың белгілі жазушысы, драматург Қалтай Мұхамеджановтың есімімен тығыз байланысты. Тек қазаққа ғана емес, күллі түркі жұртына ортақ тұлға болған Қалекең тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында осы газетті шығарып, азат елдің мүддесі үшін күресе білген.

Бүгінгі таңда «Түркістан» газеті іргелі газеттің біріне айналып, өз оқырмандарын тапты. Оның қоғамдық өмір мен елдің дамуына сай мазмұнының да дамып отыратындығын байқаймыз. Әр замандағы ел тарихы, халық тағдыры, түбі бір түркі халықтарының тарихи тамырластығы «Түркістан» назарынан тыс қалған емес және қалмайды да.

Газеттің мерейтойы құтты болсын! Осы редакцияда жұмыс жасайтын барлық ұжымға шығармашылық шабыт, толағай табыстар тілеймін!

Ізгі ниетпен, 

Арыстан Мұхамедиұлы

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button