Жаңалықтар

ҚҰРМЕТТІ «ТҮРКІСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ!

ашық дереккөзі

ҚҰРМЕТТІ «ТҮРКІСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ!

Құрметті «Түркістан» газетінің ұжымы!

Қазақ баспасөзі тарихындағы Тәуелсіздіктің тамаша туындысы «Түркістан» газетінің 20 жылдығы ел үшін елеулі оқиға. Қабырғалы қаламгер Қалтай Мұхамеджан іргетасын қалаған басылымның мақсаты – айқын, межесі – биік. Журналистерінің қаламы жүйрік.

Осы жылдар ішінде «Түркістан» газеті ақпарат айдынынан айрықша орын алып, сөзі салмақты басылымға айналды. Газет алғашқы санынан бастап түбі бір түркі халықтарының тарихи тамырластығын ту етіп келеді. Қазақ халқының  тағдырлы тарихы, туған тіліміздің толғақты мәселелері, төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздің жетістіктері – «Түркістанның» басты тақырыбы.

Сіздерді басылымның шаңырақ көтеруіне 20 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! Барыс бейнелі болашаққа бейбіт қадам басқан Қазақстанның игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!

Құрметпен, 

Қазақстанның Қорғаныс министрі  Серік Ахметов