Жаңалықтар

ҚҰРМЕТТІ ШӘМШИДИН ӘШЕНҚОЖАҰЛЫ!

ашық дереккөзі

ҚҰРМЕТТІ ШӘМШИДИН ӘШЕНҚОЖАҰЛЫ!

«Түркістан» халықаралық саяси апталықтың 20 жылдық мерейлі мерекесімен Сізді және басылым ұжымын шын жүректен құттықтаймын! 

Оқырманымен 1994 жылдың 28 қаңтарында қауышқан «Түркістан» газеті жиырма жылда қазақ тіліндегі ең ірі саяси апталықтардың біріне айналды. Тәуелсіздігіміздің нығаюына, мемлекетіміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан беделді басылым. Мазмұнды да мағыналы әрі өткір мақалаларымен қоғамдық пікірге ықпал ете алатын іргелі газет бүгінде оқырман қауымының сенімді ақпарат көзі. 

Ұлттың рухымен үндескен, бірлікті ту еткен басылымның алғашқы бас редакторы, Қазақстанның халық жазушысы, драматург Қалтай Мұхамеджановтың идеялық бастамасын сәтті жалғастыра білген басылым ұжымына «Түркістан» газеті болашақта қазіргіден де қанат жайып, қоғамның дамуына сүбелі үлес қоса береді деп сенім білдіремін. 

Басылым ұжымына мықты денсаулық, мол табыс, бақ-береке, сарқылмас шабыт тілеймін. Газеттің мерейі әрдайым үстем болсын! 

Ізгі тілекпен, 

ҚР Тұтынушылардың құқықтарын 

қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықов