Жаңалықтар

ҚҰРМЕТТІ «ТҮРКІСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ!

ашық дереккөзі

ҚҰРМЕТТІ «ТҮРКІСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ!

Қазақ газеттері  арасындағы  бірегей басылым – «Түркістан» газетінің 20 жылдығы – Тәуелсіз  еліміздің  БАҚ  саласындағы  айтулы  шара.

Бұл газеттің  өз шежіресінде  аға  ұрпақтың ізі, мықты  қаламгерлердің бейнесі, тәуелсіз  еліміздің  рухтық, тілдік, құқықтық тұрғыдан  жаңғыру кезеңі айқын  көрінеді.  Алғашқы  жарық  көрген  кезеңнен  бастап  «Түркістан» газеті  Республика  тұрғындарының  ажырамас серігіне, рухани  сырласына айналып, рухты биіктетер ізгі  үнімен  оқырмандар  бойына сіңді.

Қарымды журналистердің алдыңғы легі  қалыптастырған  сара  жолды  қазіргі  жас буын  заман  талабына  сай  лайықты  жалғастырып келеді.  Басылым  өзіндік  келбетін  сақтай  отырып, қоғамдағы кез келген  құбылысқа  байыпты  үн  қосып, оқырманын  рухани  тұрғыдан  жоғарылатып, ел мұраты үшін  талмай  қызмет  етіп  келеді.

Құрметті  Шәмшидин Әшенқожаұлы, бүгінгі 20 жылдық  мерейлі  мерекелеріңізбен құттықтап, Сізге және Сіз  басқарып отырған  «Түркістан» газетінің  ұжымына  шығармашылық  табыс  тілеймін. Тынымсыз  еңбектеріңіздің  жемісін  көріп, оқырмандардың  ыстық  ықыласына  бөлене  беріңіздер!

Құрметпен,

Қызылорда облысының әкімі 

Қырымбек Көшербаев