Жаңалықтар

ҚҰРМЕТТІ «ТҮРКІСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ!

ашық дереккөзі

ҚҰРМЕТТІ «ТҮРКІСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ!

Өзінің алғашқы санынан-ақ ел тәуелсіздігін нығайтуды мақсат еткен газет қоғамның жетістігі мен кемшілігін қатар нысанаға алып, еліміздің жақсылығына сүйініп, кемшілігіне күйініп жазады. Тарихи танымдық сипаттағы ұлт руханиятын байытатын, жастардың отаншылдық сезімін шыңдайтын сүбелі дүниелерді жиі жариялайды. Әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси тақырыптарды қазақ тілінде сауатты талдап, сараптап жазу машығын қалыптастырған бірлі-жарым байсалды басылымдардың ішінде түркістандықтардың да есімдері аталып жүр. 

«Түркістанның» тәуелсіздікпен қанаттаса жарық көрген, тәуелсіздікпен бірге қадам басып, оның тұғырын нықтауға үлес қосқан апталық ретінде ел тарихында қалатыны анық.

Бүгінгі 20 жылдық белеске байсалды ойымен, ормандай оқырмандарымен, биік мақсаттарымен жетіп отырған басылымға алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тілейміз. 

Жиырма жылдық мерейтойларыңыз құтты болсын, қадірлі түркістандықтар! 

Ізгі ниетпен, 

Алматы облысының әкімі 

Аңсар Мұсаханов