Жаңалықтар

ҚҰРМЕТТІ ШӘМШИДИН ӘШЕНҚОЖАҰЛЫ!

ашық дереккөзі

ҚҰРМЕТТІ ШӘМШИДИН ӘШЕНҚОЖАҰЛЫ!

Тағдыры, тамыры, тілі мен ділі, діні, түбі бір түркіге ортақ құндылықтарды ұлықтауды мақсат еткен «Түркістанның» тойы құтты болсын, әріптестер! 

Елбасының қолдауымен дүниеге келген халықаралық басылымның тұңғыш саны жарық көрген сәттен бері жиырма жыл өтіпті. Бәлкім, тарих үшін аз мерзім шығар, алайда Ұлы дала тарихын түгендеп, ақ пен қараның аражігін ажыратып, ақиқаттың тамыршысы болып отырған газет үшін бұл өткел ғасырға бергісіз дерсіз. 

Сонау ілгеріде, газеттің іргесі қаланған тұста қазақтың біртуар қаламгері Қалтай Мұхамеджановтың өзі де әділдіктің туын биік ұстап, шындық үшін шырылдайтын қайталанбас тұлғаның ұстанған дәстүрі бүгін газет беттерінде айшықты үлгіде жалғасын тауып жатыр. 

Газеттің журналистері, авторлары қайсыбір тақырыпты қозғамасын, сөз төркінін тереңнен тартады, тұщымды талдай жасайды. Өзіндік үрдісі мен үлгісін қалыптастырған. Бөлек бояуы, айнымас қолтаңбасы бар. Басылым сонысымен де құнды. 

«Түркістан» қазақ баспасөзінде орны бөлек, айтары да, жазары да көп басылым. 

Мерейтой құтты болсын, «түркістандықтар»! Қаламдарыңыз мұқалмасын! Баршаларыңызға шалқар шабыт, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін! 

Құрметпен,  Маңғыстау облысының әкімі 

Алик Айдарбаев