«ТҮРКІСТАН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ ШӘМШИДИН ӘШЕНҚОЖАҰЛЫ!

«ТҮРКІСТАН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ ШӘМШИДИН ӘШЕНҚОЖАҰЛЫ!

«ТҮРКІСТАН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ  ШӘМШИДИН ӘШЕНҚОЖАҰЛЫ!
ашық дереккөзі

«Түркістан» газеті Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында құрылып, отандық журналистиканың қалыптасқан өзіне тән дәстүрі мен ерекше публицистикалық рухын сақтай отырып, қазақ журналистикасының келбетіне айналды. 20 жыл қатарынан басылым өзінің шеберлік стилі мен сараптамалық жоғары сапасына ерекше назар аудара отырып, оқырмандарға еліміздің тыныс-тіршілігінен ақпаратты барынша ұсынуда. 

Осы уақыт аралығында басылым отандастарымызбен қатар шалғайдағы қандастарымыздың ел тынысын тануына жол ашты. 

«Түркістан» газетінің 20 жылдығына орай, басылымның беделді бұқаралық ақпарат құралы атануы жолында барынша еңбектенген газет ұжымын мерейлі мерекемен құттықтап, алдағы жұмыста шығармашылық табыс, тілшілеріңіздің қаламдарынан нұр тамған қалам шеберлері қатарынан танылып, оқырмандар санының арта түсуіне шын жүректен тілектеспін! 

Ізгі ниетпен, 

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер 

палатасының Төралқа төрағасы  

Тимур Құлыбаев