Жаңалықтар

ҚҰРМЕТТІ ШӘМШИДИН ӘШЕНҚОЖАҰЛЫ ПАТТЕЕВ!

ашық дереккөзі

ҚҰРМЕТТІ ШӘМШИДИН ӘШЕНҚОЖАҰЛЫ ПАТТЕЕВ!

«Түркістан» халықаралық газетінің 20 жылдығына орай, құттықтауымды қабыл алыңыз. Басылымның қоғамның рухани жаңаруына қосып отырған үлесі аса зор. Тәуелсіз ел тарихының куәгері саналып, қазақ жерінің өткені мен бүгінгісінен сыр шертер «Түркістанның» мемлекетіміздің даму жолында тигізген пайдасы орасан өзекті туындыларымен оқырман жүрегіне жол тапқан қаламгерлерден келешекте де саяси сараптамалық тың дүниелер күтеді. Сіздерге зор шығармашылық табыс, шалқар шабыт тілеймін. Отандық ақпарат кеңістігінде ойып алар орны бар сүйікті басылымның жолы әрдайым ашық болсын! 

Ізгі ниетпен, 

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі 

Самат Ескендіров