Жаңалықтар

Үрімжіде соққыға жығылған қазақ отбасын Қазақ билігі неге елемей отыр?

ашық дереккөзі

Үрімжіде соққыға жығылған қазақ отбасын Қазақ билігі неге елемей отыр?

Қытайда қазақ пен ұйғырға сес көрсету фактілерінің жиі тіркелетіні рас. Жақында Қытай жұмысшылары қазақ отбасын таяқтың астына алғандығы туралы ақпарат тарады. Бүгінде Үрімші қаласындағы ауруханада жатқан қандас дене жарақаты жағынан да, моралдық тұрғыдан да жапа шеккен. 

Үрімжі қаласының маңындағы Машинақұдық деп аталатын көктеулікте болған оқиға былай өрбіген.  Қытай билігі сол маңнан жол салуға кіріседі. Ад қазақ отбасы өз меншігіндегі жер телімдерінің үстінен жол салуға қарсы болады. Әлгі жол салушылар жер теліміне азын-аулақ қаражат ұсынғанмен, қандастар келіспей, жолды бөгеген. Содан соң өршілене түскен қытайлықтар тепкінің астына алыпты. Сорақысы сол, жергілікті полиция қызметкерлері келгенше бала-шаға, қатын-қалаш демей, әбден сабаған көрінеді. Тіпті, әйелдердің кеудесінен итеріп, құлатқан кадрларды көріп жаға ұстадық. Жәбірленуші Жеңісгүл Мағражқызы: «Менің қолым сынды, ұлымды ұрғанда, оны қорғаймын деп, басын қорғаймын деп, басын құшақтап жатып алғанда, менің қолым сынды. Ұлымның басын аман алып қалдым», – деген. Енді Жеңісгүлге ота жасалады. Бірақ дәрігерлер ол кісінің енді қанша мәрте пышаққа түсетінін ашып айтып отырған жоқ. Ал баласы Ұланның өзі – қытай дәрігерлерінің жіті назарында. Ал жергілікті полиция қызметкерлері екі күннің бірінде жәбірленушілерден жауап алып отыр. Олар жазықтылар жазаға тартылады деп сендірді.

Алайда, бұл отбасыға ешкім араша түспей отыр. Тіпті, Қазақстанның ресми органдары да, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы да ешқандай мәлімдеме жасамады. 

Д.Дүрмән