Жаңалықтар

АРДАГЕРЛЕР ҮЙІНІҢ ТҰҢҒЫШ ҚАЖЫЛАРЫ

ашық дереккөзі

АРДАГЕРЛЕР ҮЙІНІҢ ТҰҢҒЫШ ҚАЖЫЛАРЫ

Өткен жылы қасиетті Рамазан айында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алматыдағы ардагерлер үйінде ауыз­ашар берді. Дастарқан басындағы емен-жарқын әңгіме кезінде қарттар бес уақыт намазға жығылғанын мүфтиге қуанышпен жеткізіп еді. Сол сәтте Ержан қажы Малғажыұлының: «Менің тарапымнан сіздерге баға жетпес сыйлық болсын. Сіздерге қажылыққа тегін жолдама бергізейік. Еліміз бен жеріміз үшін дұға-тілек жасап қайтыңыздар», – дегені есімізде.

Жуырда кіші қажылығын өтеп келген Қанен Нұрпейісов ақсақал Бас мүфтидің қабылдауында болып, алғысын айтты.

«Мүфти-хазрет, Алматыдағы Қарттар үйінің құрылғанына 12 жылдан асыпты. Алланың қалауымен тұңғыш рет қажылыққа бардық. Ауызашарда айтқан уәдеңіз бойынша аман-есен Мекке мен Мәдинаға барып, құлшылығымызды өтеп келдік. Қарттар үйіндегі ата-әжелер шашу шашып күтіп алды. Алла разы болсын сізге. Жұмысыңыз алға басып, Алланың, халықтың ризалығына бөлене беріңіз», – деді 74 жасты алқымдаған Қанен қарт.

Биыл Бас мүфтидің бастамасымен Алматыдағы Қарттар үйінен Қанен Нұрпейісовпен бірге Жайсаңбай Қаңтарбаев та кіші қажылығын өтеді.

Индира Байсалбекова