Жаңалықтар

Атырау облысындағы жел

ашық дереккөзі

Атырау облысындағы жел

Мәдениет үйінің 1 000 шаршы метр аумағы, орта мектептің 370 шаршы метр аумағы, балабақшаның 112 шаршы метр аумағы, аурухананың 31 шаршы метр аумағының шатырлары қираған. Желдің екпіні секундына 18 метрге жеткен.

Мұндай қарқыны күшті жел Шымкенттегі 45 оқу орнын шатырсыз қалдырған болатын. Шымкентте қаланы газбен қамтамасыз ету жүйесі бойынша 53 апатты жағдай тіркелсе, электрмен қамту жүйесінде 107 апатты жағдай тіркелген. Сонымен бірге қала бойынша 100 түп ағаш құлаған. Қалалық ТЖ басқармасының хабарлауынша 20 көпқабатты үйдің, 4 жер үйдің, 13 әкімшілік және коммерциялық ғимараттардың шатыры ұшып кеткен.