«Эйр Астана» 12 жылдығын атап өтуде

«Эйр Астана» 12 жылдығын атап өтуде

«Эйр Астана»   12 жылдығын атап өтуде
ашық дереккөзі

«Эйр Астана» өзінің тұңғыш рейсін Алматыдан Астанаға 2002 жылдың 15 мамырында орындаған болатын.

Қазіргі таңда «Эйр Астананың» мар­шруттық желісі Қазақстан мен шетелде 60 бағыттан, ал авиапаркі Боинг-767/757, Эрбас А321/320/319 және Эмбраер-190 сынды отыз бір заманауи реактивті лайнерден тұрады, олардың оны компания меншігінде. Үстіміздегі жылы әуекомпания операциялық лизингке 5 жаңа ұшақты алды. Жыл соңына авиапарктің орта жасы 5 жылды құрайды және оны әлемдегі ең жас компания қатарына қосады.

12 жыл қызметі бойы «Эйр Астана» 280 мыңнан астам рейс орындады және 24 млн. астам жолаушыны және 132 тонна жүкті тасымалдады. Рейс ұқыптылығы 2014 жылдың басынан 88% болды. Оған қоса мемлекеттік қазынаға 42 млрд. теңгеден астам салық төленді және 4 328 адам жұмыспен қамтылды.

«Эйр Астана» президенті Питер Фостер: «Өткен жылы Skytrax жетекші рейтингтік агенттігінен «Орталық Азия және Үндістанда үздік әуекомпаниясы» атағын растағанымызды, Әуе көлігінің халықаралық қауымдастығының IOSA пайдалану қауіпсіздігі бойынша аудитті төртінші рет сәтті өткендігімізді мақтан тұтамыз. Тағы бір елеулі жетістігіміз Еуропаға ұшуларды ұлғайтуға шектеулерден босатылу. Сөйтіп «Эйр Астана» өз жүйелерінің және қауіпсіздік рәсімдерінің халықаралық стандарттарға толық сәйкестігін дәлелдеді. Келесі жылы біз Париж және Прагаға маршруттарды ашуды жоспарлап отырмыз. Әуекомпанияның басшылығы атынан жолаушыларымызға ұлттық тасымалдаушының қызметтерін таңдағандары үшін, қызметкерлерімізге компанияға берілгендігі мен қосқан үлесі үшін, серіктестерімізге тиімді ынтымақтастығы үшін, акционерлерімізге артқан сенімі мен Қазақстанның азаматтық авиациясының өкілі болудың зор құрметі үшін алғыс айтқым келеді».

«Эйр Астана» осы маусым айында Барселона, Ираклион және Родес еуропалық қалаларына чартерлік рейстерді, Астана-Лондон және Алматы-Сеул бағыттарында аптасына 3 ретке дейін ұшу жиілігін ұлғайтуды жос­парлап отыр. 2015 жылы Астана-Париж және Астана-Прага рейстері ашылмақ.

Шынар Сәметова