Оймақтай ой! Бізде бәсекеге қабілетті тауар да жоқ қой

Оймақтай ой! Бізде бәсекеге қабілетті тауар да жоқ қой

Оймақтай ой! Бізде бәсекеге қабілетті тауар да жоқ қой
ашық дереккөзі

Ақберен Елгезек

Ал, жарайды саяси емес, экономикалық одақ делік. Біздің тауарлар Ресей секілді, Беларусь секілді үлкен нарыққа шығады екен. Ал, жарайды, келістік. Бірақ айтыңыздаршы маған, өзімізден артылып, қоймаларда шіріп жатқан неғылған отандық тауарлар ол? Кигеніміз – түрік пен қытайдың, қала берді қырғыздың киімі, жегеніміз тағы сол орыс пен беларусьтің өнімдері, химиямыз бүлікшіл Украинадан келген. Қандай тауарымызды өткізе алмай отырмыз? Түрлі түсті металлды ма, мұнайды ма? Әй, оны ешқандай одақсыз тиеп алып кетіп жатқан жоқ па! Құдайдың тауары кез келген уақытта өтеді ғой, көкелер-ау!

“Алдымен экономика, сосын саясат” дедік. Сол айтқанымыз келді. Алдымен экономика деп кіргізіп ап, артынан саясат қылайын деп отыр ғой мына орыстар.

Саясаты нық, ұлттық позициясы берік емес талай мемлекет тарих сахнасынан кеткенін білеміз ғой. Қылышынан қан тамып тұрған талай империялар құлаған, оның қасында біздің аңқаулығымызға жол болсын, қазақтар!