Жаңалықтар

Оймақтай ой! Мемлекеттік тілді елдің бәрі біледі

ашық дереккөзі

Оймақтай ой! Мемлекеттік тілді елдің бәрі біледі

 

Қасым Аманжолұлы

Қазақстандағы соңғы ресми мәліметтер бойынша елдегі халықтың 74 пайызы қазақ тілін, 84 пайызы орыс тілін еркін меңгерген. Ал елдегі 70 пайызға жуық қазақтың 98,4 пайызы ана тілін түсінетінін, ал 93,2 пайызы ана тілінде оқып және жаза алатынын айтқан. Мемлекеттік тілді елдегі түркі жұрттарының барлығы- өзбек, ұйғыр, қырғыздар 90 пайыздан кем білмейді екен. Қазақ тілін ең нашар меңгергендер – орыс, белорус, украин, поляк, неміс, корейлер. 20-25 пайыздайы түсінеді, 5-7 пайыздайы ғана әртүрлі деңгейде оқып-жаза алады екен. Бұлардың арасында мемтілді меңгеруде аздап ілгері тұрғандары немістер, сосын корейлер. Сондықтан, кейбір адамдар “қазақтың тең жарымы қазақ тілін білмейді” деген тоқсаныншы жылдары қолдан жасалған мифті таратпаса екен. Ана тілінен түрлі себептермен ажырап қалған 2-8 пайыз бауырлар өздерінен дүниенің кіндігін жасамаса екен. 90 пайыздан астам қазақ өз тілін біледі.