Жаңалықтар

Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні

ашық дереккөзі

Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні

 

Әрбір тәуелсіз мемлекет үшін оның нышандары ерекше маңызды. Жер жүзінде қанша егемен ел болса, сонша рәміз бар. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері де ең алғаш тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы 4 маусымда алғаш рет бекітілді. Содан бері бұл күн Мемлекеттік рәміздер күні ретінде тойланып жүр. Мемлекеттік рәміздер күні отандастарымыздың отансүйгіштігі мен елге деген мақтанышын арттыратын күнге айналды.

Мемлекеттік Туымыз, Әнұранымыз бен Елтаңбамыз күллі әлемге Қазақстан атты тәуелсіз елді паш етіп келеді. Еліміздің егемендігін дәріптейтін Мемлекеттік рәміздер күні қазақ жерінде асқан патриоттық сезіммен атап өтілетін мереке. Мемлекеттік рәміздер – Қазақстанның егемен ел ретіндегі болмысын көрсететін нышаны, мызғымас негізі. Қазақстан Туымен тұғырлы, Әнұранымен айбатты, Елтаңбасымен еңселі мемлекет. Мемлекеттік Ту егемендік пен біртұтастықты, Елтаңба мәдени және тарихи дәстүрді бейнелесе, Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз болып саналады. Қазақстан Республикасының тарихында Мемлекеттік Әнұран екі рет өзгеріске ұшырады: 1992 және 2006 жылдары.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – елдігіміздің белгісі, тәуелсіздігіміздің нышаны.Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!