ОТАНДЫҚ ӨНІМ САПАСЫ ОЙЛАНТАДЫ

ОТАНДЫҚ ӨНІМ САПАСЫ ОЙЛАНТАДЫ

ОТАНДЫҚ ӨНІМ САПАСЫ ОЙЛАНТАДЫ
ашық дереккөзі

Жуырда Елорда төрінде Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының отырысы өтті.  Жиынды өткізуге бастамашы болған «Нұр Отан» партиясы. Жиын барысында жақында құрылғалы тұрған Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты түйткілдер ашық талқыға салынды.

Отырысқа Үкімет басшысының бірінші орынбасары, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшесі Бақытжан Сағынтаев қатысты. Бақытжан Сағынтаев жиынға қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, елді алаңдатқан мәселелерге жан-жақты тоқталып өтті. Кездесу барысында  жалпыұлттық коалиция мүшелеріне арнайы кітапша таратылған. Ол кітапшадан Одаққа қатысты бірқатар сауалдарға жауап табуға болады.

 «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірін­ші орынбасары Бауыржан Байбек жиын барысында: «Үш мемлекет – Қазақ­стан, Ресей және Беларусь Еуразия­лық экономикалық одақ шеңберін­де өз кәсіпкерлері үшін көлемі 2,2 триллион доллардан асатын 170 мил­лиондық тұтынушысы бар алып на­рықты ашады. Бұл ретте бұл Одақ­­қа кіру біздің экономиканың бар­лық проблемаларының автоматты түрде шешілетіндігін білдірмейді. Ықпалдастық, бірінші кезекте, тауар­лар мен қызметтер шығарымын арт­тыруға жағдайлар жасайды. Бұл ту­ра­лы Елбасы айтып келеді. ЕАЭО на­ры­ғында өз орнын алу үшін қазақстан­дық бизнес өндірісті арттыруы, өнім ассортиментін ұлғайтуы, тауар сапа­сын жақсарта беруі қажет», –деді.

Төраға бірінші орынбасарының айтуынша, негізгі пайданы қарапайым тұтынушылардың көретіні айқын.  «ЕАЭО нарығына орнығу үшін қазақстандық бизнес өндірісті ұлғайтып, өнім сапасын арттыра отырып, тауар түрлерін көбейтуі тиіс. Маңыздысы сол, негізгі пайданы қарапайым тұтынушылар, Қазақстан азаматтары  көретін болады», – деді Бауыржан Байбек.

Жиын барысында елді алаңдатқан мәселелер жан-жақты талқыланып, көкейді тескен сауалдарға жауап берілді. Оның бір дәлелі, ірі қалаларда орын тепкен супермаркеттер мен дүкендердің көбінде отандық өнімдер жоқтың қасы. Оның орнын керісінше, ресейлік өнімдер жайлай бастаған. Депутат С.Романовскаяның айтуынша, ресейлік компаниялардың көбі еліміздегі ірі сауда желілерін сатып алып жатқан көрінеді. Осылайша, ресейлік өнімдердің көбеюіне жол беріліп отыр. Сол себепті, өзге елдің өнімдері емес, отандық өнімдердің  сапасын арттырып, сауда нүктелерінде таралу ісіне де маңыз бергеніміз жөн. Отандық өнімді ұлғайту үшін ең әуелі тауар түрлерін көбейткеніміз абзал. Сан бар жерде сапа болатыны белгілі. Отандық тұтынушылардың пайда көруі үшін ұлттық бәсекелестікті арттырған жөн болар еді. Бәсекелестік жағдайында ғана ұлтқа қажетті сапалы өнімді ұсынуға болады.  

«Қазақстан-2050» Стратегиясында  бүгінде еліміздің Еуропа одағы, Солтүстік Американың еркін сауда келісімі, Оңтүстік-Шығыс  Азия мемлекеттері қауымдастығы және өзге де ықпалдастық ұйымдарына белсене қатысуы арқасында  әлемде жетекші орынға шыққан  дамыған  30 елдің қатарына қосылу міндеті қойылды.  Сондықтан біз үшін де, еліміздің алдында тұрған биік міндеттер тұрғысынан алғанда да, экономикалық ықпалдасу – уақыттың талабы, өмір қажеттілігі болып табылады», –дейді партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мырза.

Отырыс соңында ДКЖК мүшелері үндеу қабылдады.

Гүлзина БЕКТАС