Жаңалықтар

«Нұр Отан» партиясы журналистер арасындағы жыл сайынғы республикалық «Нұр Сұңқар» байқауына құжаттар қабылдануда

ашық дереккөзі

«Нұр Отан» партиясы журналистер арасындағы жыл сайынғы республикалық «Нұр Сұңқар» байқауына құжаттар қабылдануда

 

«Нұр Сұңқар» – бұл партия мен БАҚ өкілдері арасында әріптестік пен  ынтымақтастықты дамытуға үндейтін Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі журналистерге арналып жарияланатын жылсайынғы ашық байқау.

Байқау жұмыстарының тақырыбы – партияның аса маңызды бастамаларын, партияның жастар саясатын, партия мен оның филиалдары, маслихаттардағы фракциялары, сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жария ету.

«Журналистер өздерінің белсенді ұстанымымен, қазақстандық қоғамның мүддесі мен қажеттілігін көрсетудегі ынтасымен «Қазақстан:2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» секілді ауқымды міндеттерді жүзеге асыруға тікелей атсалысуда», – деп санайды байқау ұйымдастырушылары.