Мемлекеттік білім гранты неге әділетті бөлінбейді?

Мемлекеттік білім гранты неге әділетті бөлінбейді?

Мемлекеттік білім гранты неге әділетті бөлінбейді?
ашық дереккөзі
Сонымен талай жүректі күпті қылған, талай үміт пен күдікті жарыстырған ҰБТ да тәмам. Ата-аналар балаларының қуанышы мен жұбанышын бөлісіп, шыр-пыры шықты. Біздің айтпағымыз, қанша баланың қуанып, бөркін аспанға атып, қанша баланың жұбанып көз жасына ерік бергені жайында емес, біздің айтпағымыз дәл осы ҰБТ-дағы әлеуметтік және тілдік теңсіздік. Біз дәл осы мәселені мәселе ретінде көтергенімізге біраз жылдың жүзі болды. Алайда, құлақ асқан Үкімет ия билік жоқ. Ендеше, Сіздерге түсінікті болу үшін, Патша көңілді оқырман, бәрін нақты баяндаййын. Биыл ҰБТ тапсыруға өтініш бергендердің жалпы саны  87 мың 593 адам болса, оның 61 мың 678-і мемлекеттік тілде, ал 20 мың 236-сы орыс тілінде сынақ тапсырған. Ендеше осы цифрды процентке шағатын болсақ, мемлепкеттік тілде сынақ тапсырғандардың үлес салмағы 70 пайыздан асып кетеді екен. Егер әңгіме орыс тіліне келіп тірелетін болса, онда ақпарат құралдарының көпшілігі – орыстілділердің құқығы аяққа тапталып жатыр деп сайрар еді. Ал қазақтың жоғын жоқтайтын бірнеше басылымынан өзгесі тым-тырыс жұмған аузын ашар емес. Тілдік тұрғыдан да, әлеуметтік тұрғыдан да қазақ мектебінің түлектері қысымкөріп келе жатқанына біраз жылдың жүзі болды. Оны өзге емес, ҰБТ қорытындысынан көруге, срааптауға болады. Менің осы мәселеге байланысты осыдан үш жыл бұрынғы (2011 жыл) мақаламды осы жерде көзіқарақты оқырманының назарына тағы да бір ұсынуды жөн көріп отырмын:   

ҚАЗАҚ МЕКТЕБIН БIТIРУШIЛЕРДIҢ ҚҰҚЫҒЫ ТАПТАЛУДА

 

5 тамызда Бiлiм беру гранттарын тағайындау жөнiндегi республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын бастады. Жылдағы әдет бойынша мемлекеттiк бiлiм гранты иегерлерiнiң тiзiмi 10 тамызда “Егемен Қазақстан” және “Казахстанская правда” газеттерiнде жариялануы тиiс едi. Тамыздың 8-iнде www.uchi.kz, www.zakon.kz веб-сайттарында бiлiм гранты иелерiнiң тiзiмi жарияланды. Бiлiм және ғылым министрлiгi өз сайтында бұл ақпараттың жалған екенiн, Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң ресми қорытындысы аталған газеттерде жақын күндерде жарық көретiндiгiн мәлiмдептi. Бiрақ қарапайым жұрттың бұл мәлiмдемеге сенгiсi жоқ. Сонымен биыл 11-сыныпты барлығы 165459 оқушы тәмамдаған. Олардың 91 018-i бiлiм беру гранттарынан үмiткер. Оның iшiнде қазақ тiлiнде – 66 912 түлек, орыс тiлiнде – 24 106 түлек қатысты. Бұл мәлiмет Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң ресми сайты www.edu.gov.kz сайтынан алынып отыр. Демек бiлiм грантынан үмiткерлердiң 73 пайызы қазақ тiлiнде емтихан тапсырған. Яғни мектеп түлектерiнiң 70 пайызы қазақтiлдi екендiгiн танытады. Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң баспасөз-қызметiнiң мәлiмдеуi бойынша Қазақстан бойынша, 2010-2011 оқу жылында қазақ мектептерiнде 1 542 313 оқушы, орыс мектептерiнде 846959 оқушы бiлiм алады. Пайызға шағатын болсақ, қазақ сыныптарында оқитындардың үлесi 64 пайызға жеткен. Ал грантқа үмiткерлер одан 13 пайызға артық. Бұның себебi түсiнiктi де. Өйткенi орыс мектебiнiң түлектерiнiң айтарлықтай бөлiгi ҰБТ-ға қатыспайды. Олар мектептi бiтiргеннен кейiн Ресейге аттанады. ЖОО-ның орыс бөлiмiне көбiне орыс мектебiн бiтiрген қазақ балалары түседi. Бiрақ соған қарамастан мемлекеттiк бiлiм грантының пайыздық үлес салмағы – 60×40 қалпынан таяр емес. Бiз бұл мәселе жөнiнде бiрнеше жылдан берi дабыл қағып келе жатқанымызбен, одан өнер нәтиже жоқ. Былтырғы жүргiзген сараптамамызда да қазақ мектебiн бiтiрiп, мемлекеттiк бiлiм грантына ие болғандардың алған ұпайы орыс мектебiн бiтiрiп, грантқа ие болғандардан анағұрлым артық. Бiз интернетте пайда болған бiлiм гранты иегерлерiнiң нәтижесiне көз жүгiртiп көрген едiк. Орыс тобына түсушiлердiң арасында 50 ұпай, 59 ұпай жинағандар кездеседi. Ал қазақ тобына түсушiлердiң төменгi балы – 80. Тiптi Алматы мен Астанадағы беделдi оқу орындарына 80-90 баллмен грантқа оқуға түсу мүмкiн болмаған. Қазiр Қазақстанда таза қазақ тiлiнде бiлiм беретiн 3750 мектеп бар. Орыс тiлiнде бiлiм беретiн – 1880, аралас бiлiм беретiн 2090 мектеп бар. Орыс мектептерi қалалық жерлерде және солтүстiк өңiрлерде молдап саналғанымен, ауылдық жерлерде қазақ мектептерi көбейiп, орыс мектептерi күрт азайған. Мәселен Алматыда 180 мектептiң 80-i қазақ тiлiнде, Астанадағы 65 мектептiң 20-сы орыс, 20-сы қазақ, 25-сы аралас мектеп. Өскемен қаласында – 6, Қостанайда – 4 қазақ мектебi бар. Демек қазақ мектебi түлектерiнiң жыл сайын қысымға ұшырауы билiк назарына iлiнетiн кез жеттi. Мүмкiндiгiнше, қазақ мектептерiнiң түлектерiне 80 пайыз, орыс мектебi түлегiне 20 пайыз бiлiм грантын беру жайлы шешiм қабылдаған жөн болар едi. Бiрақ билiктiң қазiргi жалпақшешейлiгi бұл қадамға апара қоймасы анық. Сол себептi де балаларды бiлiмi бойынша бағалап, мемлекеттiк бiлiм грантын сол бiлiм нәтижесi бойынша бөлу қажет. Бұл жылдағыдан қарағанда, анағұрлым әдiлеттi болар едi. Әзiмбай Ғали, саясаттанушы:  

 “Қазақ мектебiнiң түлектерi сотқа жүгiнуi керек” 

  – Менiңше, пайыздық үлес мейлiнше әдiл болуы керек. Қазiргi ресми есеп бойынша қазақ сыныптарында барлық оқушылардың пайызы – 62, орыс сыныптарында оқитындардың үлес салмағы – 34 пайыз, басқа тiлде оқитындардың үлесi – 4 пайыз. Кейбiр демократиялық мемлекеттерде позитивтiк дискриминация саясаты жүредi. Мысалы АҚШ-та ҰБТ-да бiрдей ұпай алған жағдайда қара нәсiлдiлер немесе үндiстерге басымдық берiледi. Бiзде бұл ауыл мектебiне және кейбiр мамандықтарға қатысты болуы мүмкiн. Жалпы, әлеуметтiк теңдiк сақталуы керек. Ал ҰБТ-да жинаған ұпай обьективтi категория болуы тиiс. Орыс мектебiн бiтiрушiлердiң басым көпшiлiгi – Ресейге кетедi. Бұндай жағдайда орыс тобына бөлiнген квота орындалмауы мүмкiн. Соны орындау мақсатында балы төмен оқушыларға да грант бөлiнедi. Бұл диспропорция туғызады. Сондықтан абсолюттiк көрсеткiшке бағыну керек. Егер қазақ мектебiнiң түлектерi 80 баллмен түсе алмаған мамандыққа орыс мектебiнiң түлектерi 60-70 баллмен түсетiн болса, қазақ мектебiнiң түлектерi сотқа жүгiнуi тиiс. Бiр бала ғана емес, бiрнеше ата-ана жиналып, сотқа жүгiнсе, бұл мәселе оң шешiмiн табуы мүмкiн   Бұлбұл, ата-ана: – Балам негiзгi пән ретiнде физиканы таңдаған едi. Орыс тiлдi қоспағанда 80 ұпай жинады. Таңдаған мамандықтарымыздың арасында Алматы қаласындағы Авиациялық академия да бар едi. Интернеттегi мәлiметке сенетiн болсақ, 76 ұпаймен орыс тобына бiздiң көршiнiң баласы түстi де, 80 ұпай жинаған бiздiң атымыз жоқ. Дегенмен министрлiктiң ресми ақпаратының жарық көруiн күтiп, дәмеленiп отырмыз. Егер интернеттегi мәлiмет расталса, бұл әдiлетсiздiк қой. Елдегi мемлекет құраушы ұлт өкiлдерi үшiн әдiлетсiздiк. Онда баламызды қазақша оқытып қажетi не?

11 тамыз, 2011